00:20 15 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Ирак

Ирак пен Сириядағы соғысқа жұмсалған ақша Германияның бес жылдық бюджетіне теңескен

Associated Press
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
36 0 0

2001 жылдың 11қыркүйегі мен 2018 жылдың 31 наурызы аралығында Ауғанстан, Ирак пен Сириядағысоғысқа 1,5 триллион доллар жұмсалған

АСТАНА, 10 қазан –Sputnik. 17 жыл ішінде Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы соғысқа жұмсалған қаржы Германияның бес жылдық бюджетіне теңеседі. Бұл туралы Әл-Азхар бас имамы (Египет) ШейхМухаммад Ахмад ат-Тайеб айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас имам терроризмді исламмен байланыстыратын арам пиғылдылардың әрекетін қатаң сынға алып, терроризмнің белең алуының себебін атады.

"Жуырда "Еуропадағы экстремистік ислам" атты зерттеуден мынадай бір қызықты дерек оқыдым. Сирия мен Иракта соғысып жүрген еуропалық жастардың дені дінге сенбейді екен. Қыздары мен ұлдары Сирия мен Иракта жихадқа қосылған 400 еуропалық отбасыға талдау жүргізген кезде, бұл отбасылардың 40%-і атеистер, 40%-і католиктер, 19%-і мұсылмандар, 1 проценті иудейлер екені анықталды. Бұған қарасақ, мәселе ислам жастарында немесе ислам жихадында емес, бұл әділетсіздік пен дүбәралану, мүсәпірлік пен адамқұқықтарының шектелуінің "жемісі". Бұл қазіргі заманғы өркениетте діни құндылықтар қалмағанын көрсетеді", — деді ол әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде.

Шейх Мухаммад Ахмадат-Тайебтің мәліметінше, 17 жыл ішінде халықаралық саясатқа жауапты тұлғалар Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы соғысқа Германияның бес жылдық бюджетіне теңесетін қаржы жұмсаған. 

"Осы жылдың қыркүйегінде газеттерде мынадай бір ақпарат жарияланды: халықаралық саясатқа жауапты тұлғалар Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы соғыстарға 2001 жылдың 11 қыркүйегі мен 2018 жылдың 31 наурызы аралығында 1,5 триллион доллар жұмсаған. Және бұл сома Германияның бес жылдық бюджетіне тең екен. Қыруар қаржы не үшін, кімнің мүддесі үшін жұмсалды, осы ой мені мазалайды. Осы ақшаның тым болмағанда жүзден бір бөлігін кедейлер мен мұқтаждарға, баспанасы жоқ аш-жалаңаштарға, өз үйлерінен қашуға мәжбүр болғандарға, кедейлік пен ауруларға қарсы күреске бөлуге болмас па еді", — деді Әл-Азхар бас имамы.

Тақырып бойынша

Назарбаев: қазір елдер халықтың қамын емес, бір-бірін жоюдың амалын ойлап жүр
"Әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік". Дін көшбасшылары съезінде не айтылды?
Кілт сөздер:
соғыс, ислам әлемі, Сирия, Ауғанстан
Загрузка...

Басты тақырыптар