08:12 11 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD369.35
  • EUR421.47
  • RUB5.57
Адамдар

Ғалымдар қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын анықтады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
137 0 0

Зерттеушілер ең кем дегенде қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын да есептеді

АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. АҚШ зерттеушілері максималды көрсеткішті емес, орташа есепті анықтауға тырысса да, адам сенгісіз нәтижеге қол жеткізді, деп жазады The Guardian.

Йорк Университетінің ғалымдары адамның жадында қанша тұлғаның түр-келбеті сақталады деген сұраққа жауап іздеп, зерттеу жүргізді. Олар анықтаған цифрлар таңғаларлық – орташа есеппен адам бес мың кісінің түрін есте сақтай алады екен.

Ғалымдар қатысушыларды жинап, түр-келбетін жақсы білетін адамдардың тізімін жасауға тапсырма берді. Бастапқыда олар достарын, жақындарын, әріптестері мен бұрынғы сыныптастарын санап шығуы тиіс еді. Бұл тапсырмаға бір сағат беріліпті.

Ең төменгі нәтиже – 1000 адам. Ең жоғарғы көрсеткіш – 10 000. Ғалымдардың айтуынша, 10 000-ның өзі шектік мән емес, адамның есте сақтау қабілетіне байланысты одан да асып түсуі ықтимал.

Тағы оқыңыз:

Тақырып бойынша

Ғалымдар жүзімнің ешкім күтпеген пайдасын ашты
Ғалымдар қартаюды баяулатудың ең оңай жолын анықтады
Ғалымдар: кеңседе жұмыс істейтіндер ажырасуға бейім келеді
Ғалымдар аспириннің қандай қатерлі ауруды емдейтінін айтты
Қант арықтауға көмектеседі - ғалымдар
Ғалымдар қандай адамның бұрынғы сүйіктісін аңдитынын айтты
Ғалымдар ашығудың қандай пайдасы бар екенін анықтады
Ғалымдар бір жарым миллиард адам неден өлетінін айтты
Кілт сөздер:
есте сақтау қабілеті, зерттеу, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырыптар