Қоғам

Мүгедектерге берілетін жәрдемақы: қазақстандықтар нені білуі тиіс?

© Photo : Steve Buissinneмүгедек адам
мүгедек адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда Қазақстанда 674 мыңнан астам мүгедек тұрады. Мүгедектер мен оларға күтім жасайтындарға республикалық бюджеттен жәрдемақы қарастырылған

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Қазақстанда жарымжан жандарға мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақының мөлшері мен оларға қандай жағдай жасалып жатқанын материалынан оқыңыз. 

Қазақстанда қанша мүгедек бар?

Қазіргі таңда Қазақстанда 674,2 мың мүгедек тұрады. Оның 417,7 мыңы немесе 62%-і – еңбекке қабілетті жаста, 171,3 мыңы немесе 25,4%-і – зейнет жасында, 85,1 мыңы немесе 12,6%-і — 18 жасқа дейінгі балалар.

Соңғы бес жылда мүгедектігі бар адамдардың саны 7,5%-ке көбейген. 

Ересектер арасында мүгедектіктің кең тарауының негізгі себептері:

  • қан айналым жүйесі аурулары;
  • онкологиялық аурулар;
  • жарақат.

Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мүгедектігі өршіп барады. 

Негізгі себептері:

  • туа біткен аномалия;
  • жүйке жүйесі аурулары;
  • психикалық ауытқулар. 

Мүгедектер мен оларға күтім жасайтындарға төленетін жәрдемақы

сәби - Sputnik Қазақстан
Экономика
Балаға берілетін жәрдемақы: кімге, қалай және қанша төленеді?

Қазақстанда мүгедектер мен оларға күтім жасайтындарға республикалық бюджеттен жәрдемақы қарастырылған. 

Мүгедектігі бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшері мүгедектік тобына, ауру себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты белгіленеді. Ең төменгі күнкөріс шегінің өсуіне қарай жәрдемақы мөлшері де жыл сайын ұлғайып отырады. 

Осы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, қазір 508 700 адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. 

Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс шегін тиісті коэффициентке көбейту арқылы есептеледі. Қазір елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі – 28 284 теңге.

Жалпы және кәсіби аурулардан, еңбекте мертiгуден мүгедек болғандарға:  

  • I топ – 54 306 теңге (1,92 коэф)
  • II топ – 43 275 теңге (1,53)
  • III топ – 29 416 теңге (1,04)

Он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 39 598 теңге (1,4)

Бала кезінен бері мүгедек жандарға:

I топ – 54 306 теңге (1,92)

II топ – 44 972 теңге (1,59)

III топ – 33 941 теңге (1,20)

Биыл 1 шілдеден бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға немесе олардың қамқоршыларына қосымша мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бүгінгі күні аталған жәрдемақы 10 мың отбасыға тағайындалды, оның мөлшері – 29 699  теңге. 

Жалпы, биыл мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру мен оларға көмек көрсетуге 302,8 миллиард теңге қарастырылған. 

Тағы оқыңыз:

Мүгедектерге қандай жағдай жасалып жатыр?

  • 2010 жылдан бастап бірінші, екінші топтағы, өздігінен қозғала алмайтын, арбаға таңылған мүгедектерге көмек ретінде "Инватакси" қызметі енгізілді. Қазіргі таңда инватакси қызметі паркінде мүгедектерді тасу үшін арнайы жабдықталған 280-нен астам көлік бар. "Инватакси" мүгедектерді жұмыс немесе оқу орнына, медициналық мекемелерге, әлеуметтік сала нысандарына, әуежайлар мен теміржол, автовокзалдарға және тағы басқа орындарға жеткізеді; 
  • Жұмыс берушілерді мүгедектерді жұмысқа алуға ынталандыру үшін биылдан бастап жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға жұмсаған шығындары субсидияланады; 
  • Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) ауыр, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын есепке алмай, мүгедектер үшін жұмыс орындары санының 2-4 проценті мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілейді; 
  • Жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындары құрылуда; 
  • 26 өңірлік телеарнада жаңалықтар сурдо-аудармамен қамтамасыз етілген;
  • Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормасы екі есе (360-тан 730 данаға дейін) ұлғайтылды;
  • Есту қабілеті нашар 4 мың адам үшін ымдау тілі маманының қызмет көрсету уақыты екі есеге (30 сағаттан 60 сағатқа) өсті; 
  • Мүгедектігі бар 55,2 мыңнан астам адамды қазіргі заманғы гаджеттермен қамтамасыз ету үшін оңалтудың техникалық құралдарының тізбесі 32-ден 55-ке дейін кеңейтілді; 
  • Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу жұмысы басталды. Портал мүгедектерге оңалту қызметі мен құралдарын жеткізушілерді өз бетінше таңдау мүмкіндігін ұсынады; 
  • Мүгедектер кез келген медициналық ұйымда амбулаторлық және стационарлық көмек алуға құқылы; 

Білім саласындағы жеңілдіктер

әйел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талғарда мүгедек баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты

Қазақстанда мүгедек балалар басқа балалармен бірдей білім алуға құқылы. 

Қазіргі таңда балабақшаларда ерекше білім беруге қажеттілігі  бар 27 мыңға жуық бүлдіршін тәрбие алуда. Оның 1000-нан астамы – инклюзивті балалар. 

Мектептерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар 63 мыңнан астам бала оқып жүр. Олардың 27 мыңы инклюзивті форматта оқиды. 

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 2500-ден астам бала білім алуда.

  • Білім және ғылым министрлігі мүгедек балалар үшін 68 мамандық бойынша арнайы бағдарламалар әзірлемекші. Биыл 20 мамандық бойынша жұмыстар басталып кетті. 
  • Мектептер мен колледждерге жан басына қаржыландыру әдістемесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін екі есе төленетін коэффициент қарастырылған. 
  • Еліміздің 17 жоғары оқу орнында дефектология мамандығы бойынша бакалавриатқа грант саны 250-ден 400-ге дейін көбейді. Алғаш рет магистратураға 110, докторантураға 30 орын бөлініп отыр. 
  • Барлық педагогикалық мамандықтар бойынша инклюзивті білім беру пәні – міндетті. 
  • Алғаш рет педагогикалық колледждерде коррекциялық дене шынықтыру мұғалімі мен мектепке дейінгі логопед квалификациялары енгізіліп, осы жылы оқыту басталды. Қазақстанда бұған дейін ондай мамандар болмаған.
  • Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында I, II топтағы және бала кезінен мүгедек балаларға бір пайыздық қабылдау квотасы арқылы гранттар қарастырылған. 
  • Көру, есту қабілеті бұзылған балалар жоғарғы мемлекеттік шәкіртақы алуға құқылы. 

Жаңалықтар
0