22:54 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Ерлі-зайыптылар

Шаңырақ шайқалмасын десеңіз: ғалымдар берік отбасының құпиясын ашты

CC0 / scottwebb
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1543 0 0

Әйелінің талаптарына мән бермеу отбасының беріктігін арттыра түседі

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Жарыңыз қойған талаптарды елемеу отбасын сақтап қалудың ең сенімді жолы болып табылды, бұл әсіресе табысы төмен отбасыларға тән құбылыс, деп мәлімдеді ғалымдар JPSP журналында жарияланған мақалада.

"Өзіңіз ойлап қараңызшы – әйелі күйеуінен жалақыны көтеруді басшысынан талап етуді сұрайды. Қызметіне лайықты басқа біреу оңай табылатын болса, ер адам үшін бұл айтарлықтай тәуекел қадам болмақ. Ал егер әйелінің өтінішіне мән бермей, беделін сақтап қалатын болса, қаржылық қиындық отбасына еш әсерін тигізбейді", — дейді Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің социологы Жаклин Росс.

Росс пен оның әріптестері жалақысы төмен және жоғары 500 ер адамды екі топқа бөліп зерттеу жүргізген. Ғалымдар олардың отбасына барып, диалогтарын видеоға түсіріп, өз өмірінде немесе жарының өмірінде нені өзгерткісі келетіні туралы сұрақтар қойған.

әйелінің пікіріне күйеулері қалай қарайтынын білгісі келді. Яғни, жары айтқандай өзгеруге тырысты ма, әлде сөзіне онша мән бермей, тіпті ашуланды ма деген сұрақтарға жауап іздеген. Бір жарым жылдай ерлі-зайыптылардың өмірін бақылап, осы мәселелердің отбасылық берекеге қалай әсер ететінін анықтауға тырысты.

Көпшілік арасында қалыптасқан пікірге қарамастан, әйелінің айтқанынан шықпайтын ер-азаматтардың отбасы бақытты болмай шықты, сол сияқты ашушаң, ұрысқақ азаматтардың да жанұясында береке жоқ. Ал, ер адам әйелінің кей талаптарына онша мән бермесе, жары отбасында өзін бақытты сезініп, қарым-қатынастары берік бола бастайды.

"Күнделікті өмірдегі жайттар отбасылық қарым-қатынасқа үлкен әсерін тигізеді. Яғни, ер мен әйелдің өзін бақытты сезінуі тікелей осыған байланысты. Мұны ерлі-зайыптылардың ажыраспай, отбасын сақтап қалуына көмектесетін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер білгені жөн", — дейді Росс.

Тақырып бойынша

Ғалымдар: кеңседе жұмыс істейтіндер ажырасуға бейім келеді
Ғалымдар қандай адамның бұрынғы сүйіктісін аңдитынын айтты
Ғалымдар жалғыздықтан арылуға көмектесетін көлік түрін анықтады
Ғалымдар қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратынын анықтады
Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады
Ғалымдар ер адамдардың әйелдерден ақылдырақ екенін дәлелдеді
Кілт сөздер:
психология, отбасы, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып