16:57 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Асхана. Архивтегі фото

Дариға Назарбаева: мектеп асханасында той жасайтындар ақы төлеуі тиіс

© Sputnik / Игорь Зарембо
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
282801

Сенат депутаты мектептегі асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Мектеп өз ақшасының біраз бөлігін өзі табуы керек. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектептің мұғалімдерімен кездескен сенат депутаты Дариға Назарбаева осылай деп мәлімдеді. 

Жолдауды ұстаздарға жан-жақты түсіндіруге келген сенатор білім ордасындағы асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды.

Дариға Нұрсұлтанқызы сабақ аяқталып, барлық оқушыны үйге жібергеннен кейін мектептен қосымша табыс табу керектігін жеткізді. Ал түскен пайда мұғалімдердің жалақысына қосылуы тиіс дейді сенатор.

Сондай-ақ, білім ошағының арнайы қонағы болған Дариға Назарбаева ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады КТК. 

"Ауылдар мен кей өңірлерде мектеп асханасында дастарқан жайып, дүбірлетіп той жасайды. Енді осы тойдың ақысын ресми түрде мектеп бюджетіне аударсақ деймін. Менің айтып отырғандарым Білім беру бағдарламасында қарастырылған", — деді сенат депутаты Дариға Назарбаева. 


Тақырып бойынша

Дариға Назарбаева үздік мұғалімдерге 2,4 млн теңгеден табыстады
Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?
Дариға Назарбаеваның қызының тойы: жас жұбайлар туралы не білеміз?
Елбасы: той десе, ішкен асын жерге қоюға дайын халықпыз ғой
"Басқа проблема жоқ па?" Тоқаевтың тойға қатысты ұсынысы кімге жақпай қалды?
Кілт сөздер:
асхана, той, бюджет, мектеп, спорт зал, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып