02:59 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Талапкерлер емтихан кезінде

Енді студенттер университетте төрт жыл оқымайды

© Sputnik / Владимир Федоренко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
9535 0 0

Жаңа өзгеріс жоғары оқу орындарында келесі жылдан бастап енгізіледі

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Келесі оқу жылынан бастап колледж тәмамдаған студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жыл ішінде бітіре алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Бұған дейін бірқатар отандық БАҚ-та жоғары оқу орындарында оқу мерзімі қысқарады деген ақпарат тараған болатын. 

"Ол тек колледж бітіргендерге ғана арналған. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алса, енді төрт жыл оқымай, екі-үш жыл ішінде бітіруге болады", — деді министр үкімет кулуарында. 

Сағадиев жаңа өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енетінін атап өтті.

"Қазір құжаттарды бекітіп, біртіндеп енгізетін боламыз", — деді ол.


Тақырып бойынша

1 қыркүйектен бастап білім саласында не өзгереді?
Сағадиев биыл білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты
Сағадиев хиджаб киетін оқушыларға қатысты мәселеге нүкте қойды
Сағадиев латын әліпбиімен оқи бастайтын сыныптарды атады
"Бала көп, мектеп жоқ". Сағадиев Астанадағы басты проблеманы көтерді
Кілт сөздер:
студенттер, Ерлан Сағадиев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып