10:26 16 Қаңтар 2019
Тікелей эфир
  • USD377.85
  • EUR432.00
  • RUB5.63
Ерлан Сағадиев

Түлектер қаңтарда да оқуға түсе алады: білім министрі мәлімдеме жасады

© Foto : Министерство образования и науки Республики Казахстан
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
298310

Мектеп түлектеріне қаңтардан бастап ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік беріледі

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап ҰБТ тек жазда ғана емес, қыста да өткізіледі. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу барысы туралы баяндады. Министр гранттар санын көбейтумен қатар жоғары білім қолжетімділігін арттыру үшін бірқатар шара қабылданып жатқанын айтты. Атап айтсақ, келесі жылдан бастап түлектер қаңтар айында ҰБТ тапсырып, ақылы негізде оқуға түсе алады.

"Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, мектеп түлектеріне шартты түрде қаңтардан бастап ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Төртіншіден, шетел азаматтары үшін стипендиялы бағдарламалар енгізу, оның ішінде қазақ диаспорасына қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беру. Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделін енгізу. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Енді магистратурада гранттар студенттерге беріледі және олардың жоғары оқу орнын таңдау мүмкіндігі болады", — деді Сағадиев үкімет отырысында. 

Айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында шетелге оқуға кететін балалардың саны 1800-ден 630-ға дейін, яғни 3 есе азайған. 

Үкімет отырысынан кейін білім министрі қаңтар айынан бастап күшіне енетін өзгерістерге тағы тоқталды.

"Енді түлектер қаңтар айынан бастап ақылы бөлімге құжат тапсырып, ҰБТ тапсыра алады. 50 балл жинаса, сол жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі бар. Егер грантқа түскісі келсе, онда жазда өтетін ҰБТ-ны күтуі тиіс", — деді ол кулуарда.


Тақырып бойынша

Сағадиев хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбеген мұғалімдерді жақтады
Сағадиев латын әліпбиімен оқи бастайтын сыныптарды атады
"Бала көп, мектеп жоқ". Сағадиев Астанадағы басты проблеманы көтерді
Сағадиев биыл білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты
Кілт сөздер:
студент, ҰБТ, Ерлан Сағадиев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар