21:40 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Пәтер

Екі миллионға жуық қазақстандық баспанамен қамтылады

© Sputnik / Кирилл Каллиников
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
404 0 0

Алдағы бес жылда "Нұрлы жер" аясында 76,6 млн шаршы метр баспана салынады

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Алдағы бес жылда екі миллионға жуық қазақстандық баспанамен қамтылады. Бұл туралы бүгін қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаржы министрі президент "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын тағы 5 жылға созғанын еске салды. 

"Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру және халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстанда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Президент оны іске асыру мерзімін тағы 5 жылға ұзартты. Алдағы бес жылда мемлекеттік бағдарлама бойынша 650 мыңнан астам баспана немесе 76,6 миллион шаршы метр салуды жоспарлап отырмыз. Бұл екі миллионға жуық азаматты баспанамен қамтаасыз етуге мүмкіндік береді", — деді Смайылов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, "7-20-25" бағдарламасы аясында алдағы бес жылда 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ. 

"Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын арттыру үшін үш жыл ішінде 30 миллиард теңге бөлінеді. Бұл 250 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға септігін тигізеді", — деді министр.

Тақырып бойынша

"7-20-25": бір миллион теңге кімге және қалай берілетіні белгілі болды
"7-20-25" баспанаға мұқтаждардың барлығын бірдей жарылқай алмауы мүмкін
"7-20-25": Депутаттар Шымкент үшін ипотека мөлшерін көтеруді сұрады
"7-20-25": Мыңнан астам халық тұрғын үй бағдарламасымен баспана алады
"7-20-25": пәтер алғандардың айлық табысы 200 мың теңге екені анықталды
"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы
Кілт сөздер:
"7-20-25" бағдарламасы., тұрғын үй, баспана, Нұрлы жер
Загрузка...

Басты тақырып