21:35 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы-2018 (21)
3356 0 0

Президент 5 қазандағы жолдауында мемлекеттік қызметкер түнгі он екіге дейін жұмыста отырмауы керек деп ескерту жасаған еді

АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс күні аяқталысымен мемлекеттік қызметкерлердің компьютерін автоматты түрде өшіруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлық мемлекеттік органда сегіз сағаттық жұмыс күнінен кейін компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесін пысықтау керек. Сіздер білесіздер, мемлекет басшысының тарапынан осыған қатысты сын айтылған еді. Бүгінде барлық дерлік мемлекеттік орган мұны қолдап отыр, сағат 18:30-да барлық компьютерді орталықтан өшіру мәселесі шешілді. Біз мұны бақылауымыз керек", — деді Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында.

Оның пікірінше, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы мен жеке өмірі арасында тепе-теңдік сақталуы керек. 

Сондай-ақ Шпекбаев электрондық құжат айналымы жүйесіне қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін зерттеуді ұсынды. 

"Бүгінде жаппай "бұлтты" технологиялар енгізіліп жатқанда, біз қызметкерлерді кабинетке "байлап", басқару шешімдерін қабылдау үрдісінде қажетсіз әуре-сарсаңға саламыз", — деді ол.

Еске сала кетсек, 5 қазанда жариялаған жолдауында мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайтуды тапсырған еді. 

"100 тәулік бойы жиналыстарда отырасыңдар. Сендер адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік бермей жатырсыңдар ғой. Менің мемлекеттік қызметте тәжірибем мол. Алдын ала дайындалған отырыс жарты сағат қана өтеді. Күрделі мәселелер болса, ары кетсе бір сағатқа созылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметкер заң бойынша жеті сағат қана істеуі керек. Түнгі он екіге дейін жұмыста отырмауы керек", — деген еді Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа.

Тақырып:
Президент жолдауы-2018 (21)

Тақырып бойынша

Көкшетауда мемлекеттік қызметкерлер жұмыс кабинетінде төбелесті
Мемлекеттік қызметкерлер латын әліпбиінде жаза бастайды
Қазақстанда үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталады
Кілт сөздер:
Жолдау 2018, жұмыс кестесі, компьютер, мемлекеттік қызметкерлер
Загрузка...

Басты тақырып