Қоғам

Сыртқы істер министрі: Ислам мемлекетінің содырлары Орталық Азияға оралуы мүмкін

© РИА Новости / Медиабанкке өтуСирия
Сирия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сириялық террористер жеңілгеннен соң өз елдеріне қайта оралуы мүмкін, деп ескерті Қазақстанның сыртқы істер министрлігі

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдегендей, содырлардың өз еліне қайта оралуы Орталық Азияның бүкіл мемлекеттері үшін қауіп туғызады.

Оның пікірінше, бұл мәселеге ерекше мән беру керек.

"ДАИШ (Ислам мемлекетінің* арабша атауы) террористер тобы Сирияда жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазір лаңкестердің өз елдеріне қайта оралу қаупі төніп тұр, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттеріне, бұл мәселеге ерекше мән берген жөн", — делінген министрдің РИА Новости сауалына берген жазбаша жауабында.

СІМ басшысы атап өткендей, Сирияның ішкі ахуалы неғұрлым тезірек қалыпқа келсе, тұрақсыздықтың бұл ошағы да ауыздықталатын болады. Бұл – Қазақстанның ресми ұстанымы, деп мәлімдеді ол. 

Содырлар - Sputnik Қазақстан
Мұздай қаруланған содырлар Орта Азияға бет алды
Атап өтсек, Астана сириялық мәселені реттеу бойынша негізгі алаңқайға айналған. 30 қаңтарда Сочиде қақтығыс басталғалы бері Сирияның ұлттық диалогының алғашқы конгресі өтті. Шара ұйымдастырушылары қатысушылардың ауқымды құрамын келіссөз алаңқайына жинауға тырысқан. Осы диалогтың нәтижесінде Женевада конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылданды.

Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылы басталды. 2017 жылдың соңында Сирия мен Ирактағы Ислам мемлекеті* террористерінің жеңілгені туралы жарияланған. Алайда елдің кей аудандарында содырлардан тазарту шаралары жүргізіліп жатыр. Ахуалды реттеу бойынша бірінші кезекте саяси проблемалар мен босқындардың қайтарылуы мәселесі шешімін табуы керек.

*Ислам мемлекеті — Қазақстан, Ресей және тағы басқа елдерде тыйым салынған террорлық ұйым

Жаңалықтар
0