23:44 25 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.38
  • EUR431.05
  • RUB6.02
Дәрі-дәрмек

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті кім және қалай алады?

CC0 / Bru-nO
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
639 0 0

Бүгінгі таңда қазақстандықтар дәрі-дәрмектің 274 түрін тегін ала алады

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, халық аурудың 45 тобы бойынша дәрі-дәрмектің 274 түрімен тегін қамтылып келеді. Сондай-ақ, халықаралық денсаулық сақтау ұйымының кеңесімен тиімділігі төмен әрі науқастарды емдеу кезінде көп қолданылмайтын дәрі-дәрмектер тізімнен шығарылды. Мұнымен қатар, керісінше тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің тізіміне метоклопрамид, диазепам, бисакодил, спиронолактон, торасемид, морфин, фентанил, преднизолон, дексаметазон, омепразол, амитриптилин, карбамазепин, трамадол, кетопрофен кіретін 15 дәрі түрі енгізілді. Осы орайда мұндай дәрі-дәрмекті қайдан және қалай алуға болатынына қатысты анықтамалық ақпарат ұсынады. 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыруды 38% арттырды. Сондай-ақ, 2017 жылдың шілде айында денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия шешімімен 2018 жылға арналған тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің тізімі қайта қаралып, тағы да дәрі-дәрмектер қосылды. Яғни "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 88-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары белгілі бір дәрілерді тегін ала алады. Ол дәрі-дәрмектердің тізімін мына гиперсілтемені басу арқылы көре аласыз. 

Тегін дәрі-дәрмекті қайдан және қалай алады?

Азамат тізімдегі тегін дәрі-дәрмекті алу үшін учаскелік немесе профильдік дәрігерден рецепт алып, кейін оны дәріхана қызметкеріне көрсету арқылы алады. Осы тұста барлық дәрінің тегін берілмейтінін және кез келген дәріханадан беріле бермейтінін ескеру қажет. Ал дәріханалар тізімін азамат өзі тіркелген емханадан біле алады. Бұл процестің қалай жүзеге асатынын толығырақ "СК-Фармация" ЖШС қызметкері Іңкәр Мирьякупова айтып берді.

"Қазақстанда 45 түрлі аурудың біріне шалдыққан науқасқа белгілі бір дәрілер тегін беріледі. Бұл тізімге жүрек-қан тамырлары аурулары, вирустық гепатит, қантты және қантсыз диабет, туберкулез, АИТВ, онкология және т.б. ауру түрлері кіреді. Тегін дәрі-дәрмек алу үшін науқас бірінші кезекте тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға тіркеледі. Кейін емханада диспансерлік есепке алынып, тұрақты түрде дәрігерлерге қаралады. Емдеуші дәрігер оған қандай дәрі-дәрмек қолдану керектігін анықтайды", — деді "СК-Фармация" ЖШС қызметкері Іңкәр Мирьякупова.

Әрі қарай осы дәрігер тағайындаған дәрілердің қаншасы ҚР денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімде бар екені қарастырылады. Яғни дәрігер науқастың денсаулық жағдайына қарап ем түрін тағайындап, оған қажетті дәрі-дәрмектің рецептісін жазып береді. Осы рецептіні науқас емхана қарамағындағы немесе дәрілік препараттарды тегін беруге міндеттелген дәріханаға алып барады. Алматы, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Астана, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында дәрілер емхана қарамағындағы, ал Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында арнайы жекеменшік дәріханалардан беріледі. Сондай-ақ, маман тегін дәрі тарататын дәріханалардың тізімін қай жерден білуге болатынын түсіндірді.

"Тегін дәрі-дәрмек беретін дәріханалардың тізімін науқас рецепт жазып берген емханадан біледі. Егер науқас қандай да бір себепке байланысты дәрігер жазып берген дәріні тегін ала алмаса, оның "СК-Фармация" ЖШС контакт-орталығына 1439 нөмірі арқылы хабарласуына болады. Бұл нөмірге Қазақстан бойынша хабарласу тегін. Тұтқаның арғы жағында отырған қызметкерлер өз кезектерінде науқасқа қажетті дәріні неліктен дәріхананың бермей отырғанын және қажетті дәрі аталған аймаққа қашан жеткізілетінін айтып береді", — деді орталық қызметкері.

Биыл мемлекет тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту үшін 116,4 миллиард теңге бөлді. Бұл сомаға ҚР денсаулық сақтау министрлігі қосымша қосқан 23 миллиард теңге де кіреді.

Тегін дәрі-дәрмек қандай ауруға шалдыққан кезде беріледі?

 

1 жасқа толмаған сәбилерге келесі жағдайларда тегін дәрі-дәрмек пен құрғақ сүт беріледі:

  • сәбиін емізіп жүрген ана АИТВ инфекциясы мен туберкулездің белсенді түрін жұқтырған болса;
  • балаға туабіткен лактаздық жетіспеушілік, галактоземия, фенилкетонурия және "үйеңкі шырыны" диагнозы қойылса;
  •  бала көпұрықты жүктіліктен туса;
  •  анасы стационарда емделіп жатса;
  •  анасы білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқыса;
  •  анасы цитостатик, радиоактивтік, тиреоидты, психотроптық есірткі қабылдап жүрген болса;
  •  анасы психозға немесе босанғаннан кейін ауыр депрессияға түссе;
  •  туабіткен және жүре пайда болған жүрек кемістігі болса;
  •  жүрек-қан тамырлары жүйесінің декомпенсациясы жүретін жүрек ауруына;
  •  эндокринді аурулардың ауыр формаларына;
  •  аллергиялық аурулардың ауыр түріне;
  •  қан және қан өндіру аппараты жүйесі ауруларының ауыр формаларына;
  •  қатерлі онкологиялық ауруға;
  •  бүйрек жетіспеушілігі салдарынан пайда болатын аурулардың ауыр түріне;
  •  іріңді-сепсистік ауруларға;
  •  гипогалактияның алғашқы формаларына шалдықса.

Ересектер қандай ауру түріне шалдыққанда тегін дәрі-дәрмек беріледі?

  • аортокоронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі жүрек қақпақшалары протезделсе;
  • жүректің ишемиялық ауруы;
  • артериялық гипертензия;
  • созылмалы жүрек жетіспеушілігі;
  • аритмия;
  •  пневмония;
  • бронх демікпесі;
  • өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;
  •  асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруы;
  •  Крон ауруы және бейспецификалы ойықжаралы колит;
  •  миастения;
  • эпилепсия;
  • психикалық аурулар;
  • балалар церебралды сал ауруы;
  • Паркинсон ауруы;
  • қант диабеті;
  • қантсыз диабет;
  •  онкологиялық аурулар;
  •  мүшелер мен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай;
  •  ревматоидты артрит;
  •  ювенильді артрит;
  •  анкилозды спондилит;
  •  жүйелі қызыл жегі;
  •  гипотиреоз, гипопаратиреоз,тиреотоксикоз;
  •  акромегалия;
  •  мерзімінен бұрын жыныстық жетілу;
  •  гепато-церебралдық дистрофия;
  •  фенилкетонурия;
  •  гемофилия;
  •  АИТВ-инфекциясы;
  •  туберкулез;
  •  В және С вирустық гепатиті;
  •  кистозды фиброз (Муковисцидоз);
  •  мукополисахаридоз;
  •  Гоше ауруы;
  •  ренальді анемиямен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі;
  •  күшейген гломерулярлық аурулар;
  •  аутоиммундық аурулар;
  •   миастения;
  •  гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда гематологиялық аурулар;
  •  шашыраңқы склероз;
  •  балалардағы жіті фарингит/ларингит/бронхит;
  •  анкилозируемді спондилит.

Тегін берілетін дәрі-дәрмек үшін сізден төлем талап етсе, кімге хабарласып шағымдануға болады?

  •  өзіңіз тіркелген емхана басшылығына;
  •  тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің департаментіне;
  •  денсаулық сақтау басқармасына;
  •  8 800 080 88 87 нөміріне;
  • 1439 нөміріне.

Тақырып бойынша

Емханаға қалай тіркелу керек?
Астана қаласында 8 оқушы менингитпен аурухана түсті
Астаналық дәрігерлер босанып жатқан әйелдің жүрегіне ота жасады
Сыртқы істер вице-министрінің миы шайқалып, ауруханаға түсті
Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"
Ақтөбеде медбике емханаға келген науқас әйелге қол көтерген
Астанада дәрігердің науқасты неге тепкені белгілі болды
Кілт сөздер:
ауру, тегін, дәрі-дәрмек, науқас, дәрігер, сәби, Денсаулық сақтау басқармасы, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып