Қоғам

ҰҚК арнайы операция барысында 10 адамды ұстады

© Photo : КНБ РКАрнайы операция, архивтегі фото
Арнайы операция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы мен Қазақстанның үш облысында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды

Автомат ұстаған содырлардың архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰҚК: Сирия мен Ирактан елге оралған содырлардың 57-сі сотталды

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 27 қазанында Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғыны ұсталды.

Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінді.

Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен астам қатысушы тұрған.

Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсету шараларына жеке қатысы бар-жоғы туралы деректер тексеріліп жатыр.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

 

Жаңалықтар
0