04:47 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Қыз бен жігіт

Қазақ жігіті АҚШ-та бай әйелдің басын айналдырып алғанын айтып мақтанды

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3620 0 0

Жас жігіттің айтуынша, көңіл қосқан әйелінің жасы 50-де, ақшасы көп, көлігі бар

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қазақстандық Ділзат Әбдірашитов АҚШ-та қалай күн көріп жатқанын айтып, Инстаграмда видео жариялаған.

Жас жігіттің айтуынша, АҚШ-қа жұмыс істеп, білім алуға келсе де, кейін әйел адамды жолықтырып, қолына кіріп алған. Өзін асырап отырған әйелдің есімі Стефани, жасы 50-де. Ділзаттың сөзіне сенсек, Стефани бай көрінеді, көлігі де бар.

"Ол мұсылман емес, бірақ мұсылман жасаймын, шошқа жемейді, тамақ істей алады. Өзі көп сөйлейді, түсінбесем де, "yes" деп жауап беремін", - дейді жігіт.

Ділзаттың айтуынша, Стефанидің 55-58 жастағы әдемі әрі бай құрбылары көп екен.

Видео желі қолданушыларының үлкен наразылығын тудырды. Біреулер жатыпішер деп, жігітті айыптаса, басқалары қолпаштап, сәттілік тілеп жатыр.

Кейінірек ролик авторы мұның жәй қалжың екенін айтып, қолданушылардан сеніп қалмауды сұрады. Жігіттің айтуынша, видеодағы әйел – әріптесі, мейрамханада төрт ай бірге жұмыс істеп жүр екен.

Тақырып бойынша

"Ұят қой!" Көшедегі адам өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қызына ұрысты
Сауалнама. Қазақтар басқа ұлт өкілімен отбасын құруға қалай қарайды?
Кілт сөздер:
жеке өмір, әйел, жігіт, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып