21:37 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
984 0 0

Кейбір пойыздың жүру жолы өзгерсе, енді бірінің жол жүру уақыты қысқарады

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. 9 желтоқсаннан бастап 2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 9 желтоқсанынан бастап "Ресей темір жолы" ААҚ-мен бірлесіп, күнара жүретін "Қарағанды-Томск-2" бағытындағы №363/364 пойызын жолға шығару жоспарланып отыр.  

Сондай-ақ, Бейнеу – Атырау – Қиғаш арқылы "УТЙ" АҚ жасақтаған "Ташкент – Мәскеу" бағытындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүреді. 

Жолаушылардың өтініш-тілегімен Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігімен келісе отырып, "Алматы-2 – Маңғыстау" бағытында қатынайтын №377/378 пойызының жол жүру уақыты 4 сағатқа қысқартылды.

2019 жылдың 2 қаңтарынан бастап "Алматы-2 – Орал" бағытындағы №49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Пойыз (Шымкент-Қызылорда станциясының орнына) Астана – Тобыл станциясы арқылы жүреді. 

Жазғы кезеңде іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады: 

  • № 152/151 Астана – Алматы, жиілігі күнара; 
  • № 162/161 Алматы – Семей, жиілігі күнара;
  • № 173/174 Алматы – Шымкент, жиілігі күнара;
  • № 176/175 Алматы – Түркістан, жиілігі күнара;
  • № 251/252 Самарқанд – Астана, жиілігі аптасына бір рет;
  • № 253/254 Астана – Достық, жиілігі аптасына 2 рет.

Пойыздардың жүру кестесіне қатысты барлық ақпаратты "105" нөміріне хабарласып білуге болады. 

Тақырып бойынша

Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады
Пойыз жолсерігі шетелдік студентке жоғалған әмиянын қайтарып берді
Қасымбек Шудағы пойыз апатына не себеп болғанын айтты
Павлодарда құлаққап киген баланы пойыз қағып кетті
Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа сайт ашылды
Жол жүру ережесін бұзғаныңыз үшін салынған айыппұл жайлы қайдан білуге болады?
Кілт сөздер:
жұмыс кестесі, жол, пойыз, Түркістан, Семей, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып