Қоғам

Sputnik Қазақстан "Шабыт" фестивалінің қатысушысы үшін арнайы сыйлық жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневSputnik логотипі
Sputnik логотипі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы жүлденің иегері ТМД елдерінің бірінің астанасында тағылымдамадан өте алады

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы "Шабыт" XXI халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің "Журналистика / Интернет ресурстары" номинациясы бойынша ерекше шығармашылық жұмыс үшін арнайы сыйлық жариялады.

Жеңімпаз ТМД елдерінің бірінің астанасында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады, онда ол SputnikPro бағдарламасы бойынша жас журналистерге арналған тренингтерге қатысады.

"Жетекші халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – Sputnik талантты жас журналистерді қолдауға әрдайым дайын. Біз "Журналистика" номинациясы "Шабыт" фестиваліне, әсіресе, Астананың мерейтойы аталып өткен жылы қайтарылғанына қуаныштымыз. Қазақстандағы озық ойлы жастардың жаңа буыны өсіп келеді, олардың арасында журналистер де бар", — деді "Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Виктор Панов.

SputnikPro – өз білімдерін журналистермен, баспасөз хатшыларымен, PR мамандарымен және мамандық бойынша оқитын жоғарғы курс студенттерімен бөлісуге дайын, тәжірибесі мол Ресейдің жетекші медиа менеджерлері мен журналистерінің презентациялары мен шеберлік сағаттары. 

Соревнования беркутчи - Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан Астанадағы фотокөрмеде "Киелі Қазақстан" жобасын ұсынады

Sputnik Қазақстан Астанада 5-9 қараша аралығында өтетін "Шабыт" XXI халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ақпараттық серіктесі саналады. Фестивалді Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы мен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырады.

"Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалі – дарынды жастарға үлкен сахнада өздерін көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей алаң. Фестиваль ашылғалы бері оған әр түрлі жанр бойынша 10 мыңнан астам адам қатысты. 

Sputnik – әлемнің 80 қаласында және интернетте орыс, ағылшын және француз тілдерінде аналогтық және цифрлық хабар тарататын, 32 тілдегі мультимедиалық және өңірлік интернет сайттарды біріктіретін ірі халықаралық БАҚ-тың бірі. 

Sputnik жаңалықтар арналары ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде бүкіл әлем бойынша жетекші басылымдарға тәулік бойы ақпарат жеткізеді. Sputnik ақпарат ресурстары айына 50 миллионнан астам адамды қамтиды, ал Вэйбодағы Sputnik China аккаунтына жазылушылардың саны шамамен 9 миллионға жетеді. Sputnik радиосы Интернетте және FM / AM диапазонында 18 тілде хабар таратады.

Шайтанкөл - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Sputnik-тің "Қасиетті Қазақстан" арнайы жобасы "Еуразия кереметі" фестивалінде жеңіске жетті

Бейжіңнен Монтевидеоға дейінгі бүкіл әлемдегі 22 редакция орталығында мыңнан астам ондаған ұлттың өкілі жұмыс істейді. Sputnik "Россия сегодня" медиа тобына кіреді.

Шетелдік және Балтық елдерінің Sputnik порталдары ұлттық және орыс тілдерінде жұмыс істейді, олар оқырмандарға түрлі мультимедиалық контент ұсынады: инфографика, видео, фоторепортаждар, онлайн хабарлар, интернет дауыс беру, подкасттар. Жедел жаңалықтардан басқа Sputnik аналитикалық материалдар мен эксклюзивті сұхбаттар жариялайды.  


Жаңалықтар
0