16:25 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Тұз

Тұздың ешкім білмейтін қаупі анықталды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
379922

Тұзды шектен тыс пайдалану шашыраңқы склероз ауруын тудыруы мүмкін

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Йель университетінің ғалымдары (АҚШ) тұзды шектен тыс пайдалану шашыраңқы склерозға шалдығу қаупін арттыратынын дәлелдеді. Бұл туралы  MedicalXpress басылымында хабарланған.

Шашыраңқы склероз — ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелинді қабығының зақымдануынан пайда болатын созылмалы аутоиммунды дерт. Бұл ауруға негізінен жас ағзалар шалдығады. Науқас 16-40 жас аралығында өршиді. Ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады.

Зерттеушілер анықтағандай, жасушаларда тұз мөлшері көп болса, негізінен β-катенин нәруызынан тұратын Wnt сигналдық жолы белсенділігі арта түседі. Бұл сигналдық жол интерферон-гамма цикотиндері мен интерлейкин-10 бөліп шығаратын Т-регулятор жасушаларының жұмысына нұқсан келтіреді. Циктотиндер балансының бұзылуы қабынуды қоздырып, орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

Бұдан бұрын, америкалық мамандар тұзды көп пайдалану мерзімінен бұрын ажал құшу қаупін арттыратынын анықтаған болатын.

Тақырып бойынша

Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Кәуаптың ешкім күтпеген қаупі анықталды
Шайдың сіз білмейтін 6 зияны
Энергетикалық сусындардың зияны туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
тұз, денсаулық, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып