10:56 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Абу Даби Плаза құрылысы

Бақыт Сұлтанов "Абу-Даби Плаза" құрылысы қашан аяқталатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
59 0 0

Сауда орталығы 2019 жылдың 30 қазанында, қонақ үй кешені 2019 жылдың 30 желтоқсанында, тұрғын үй кешені 2020 жылдың 30 қаңтарында тапсырылады

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов "Электронды үкімет" e.gov.kz порталында өткен интернет-конференцияда "Абу-Даби Плаза" нысанының құрылысы қашан аяқталатынын айтты. 

Қала басшысының айтуынша, сауда орталығы 2019 жылдың 30 қазанында, қонақ үй кешені – 2019 жылдың 30 желтоқсанында, тұрғын үй кешені – 2020 жылдың 30 қаңтарында тапсырылады деп жоспарлануда.

Осы мерзімде 1 кеңселік ғимарат та берілуі тиіс. Ал 2 кеңсе ғимаратын 2020 жылдың 30 сәуірінде, сервистік апартаментті 2020 жылдың 28 ақпанында пайдалануға беру жоспарланған. Биік көпфункционалды кешеннің пайдалануға берілетін мерзімі – 2020 жылдың 30 маусымы, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Форумға қатысуға ниет білдіргендер e.gov.kz сайтына ("Ашық диалог" — Интернет-конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы) кіре алады.


Тақырып бойынша

Не болып қалды? "Абу-Даби Плаза" маңында тағы да қарбалас - видео
Әкімдік жұмыссыз қалған "Абу Даби Плаза" құрылысшыларына көмектеседі
"Абу-Даби Плазадағы" дау неден шыққаны белгілі болды
"Абу-Даби Плаза" жұмысшыларының қысқаруы: әкімдік мән-жайды түсіндірді
Дүйсенова "Абу-Даби Плазадағы" дауға қатысты түсініктеме берді
Кілт сөздер:
құрылыс нысаны, Абу Даби Плаза, Бақыт Сұлтанов, Астана
Загрузка...

Басты тақырып