10:58 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
188 0 0

Жеңімпаздар мәдениет, медицина, ғылым, бизнес, қоғам және спорт категориялары бойынша іріктеледі

АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Елімізде "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының қатысушыларына онлайн дауыс беру басталды. 

100esim.el.kz ресми сайтына 2 388 өтінім түскен. Үміткерлерге 15 қарашаға дейін дауыс беруге болады. 

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы елімізде осымен екінші жыл жүзеге асып келеді. Жеңімпаздар алты категория бойынша таңдалады: мәдениет, медицина, ғылым, бизнес, қоғам және спорт. 

Байқау атауы шартты, жеңімпаздар саны жүзден де асуы мүмкін. 

Тізімге ену үшін дарынды қазақстандықтар үш кезеңнен өтуі тиіс. Бірінші кезеңде барлық өңірден өтінімдер жиналады, екінші кезеңде жұмыс тобы арнайы комиссиямен бірге ең лайықтыларын таңдайды. 

Қазір жоба соңғы кезеңіне жетті, үшіншісі – онлайн дауыс беру. 

Байқауға ең көп Астана қаласынан тіркелген. Әртүрлі салалардан 127 елордалық бар. 

Екі кезеңнен сүрінбей өткендердің саны жағынан екінші орында 113 қатысушымен Қарағанды облысы тұр. 

Кандидаттар арасында бейтаныс әйелге бүйрегін берген адам, дәрігер-репродуктолог, гроссмейстер, көп балалы ана, қоғамдық тамақтану желісінің негізін қалаушы, Ұлттық ұлан сержанты және тағы басқалары бар. 


Тақырып бойынша

ҚР Бас прокуратурасының жобасы халықаралық конкурста жеңімпаз атанды
"Қазақстанның 100 жаңа есімі": 102 жеңімпаз анықталды
Айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған
Кілт сөздер:
онлайн режим, дауыс беру, бизнес, мәдениет, жеңімпаздар, байқау, жүз жаңа есім
Загрузка...

Басты тақырып