04:27 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Хэллоуин

Хэллоуин кешінде тағы төтенше жағдай: астаналық қызды жедел жәрдем алып кетті

© Sputnik / Роман Махмутов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2726 0 0

Дискотека басталардың алдында 17 жастағы қыздың үстіне баннер құлаған

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Астанада Хэллоуин кешінде дұрыс бекітілмеген баннер қыздың үстіне құлады. Салдарынан оны жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кеткен. 

Зардап шеккен қыздың есімі Елена, ол Астана колледждерінің бірінің түлегі. 

"Лена костюмді ойын қатысушыларының бірі болды. Баннер дұрыс бекітілмеген, салдарынан конструкция құлап түсті. Қасында бір жігіт тұрған еді, абырой болғанда, ол баннерді ұстап үлгерді. Оқиға дискотека басталардың алдында, шамамен күндізгі сағат екіде болды. Кейін біз жедел жәрдем шақырдық", — деді шара ұйымдастырушысы Әділхан Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Астананың денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдегендей, 17 жастағы қыз екінші балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қыздың басын рентгенге түсірді, травмотологтың консультациясынан кейін пациент амбулаторлық емге жіберілді. Медициналық тексерістен кейін бойжеткен дискотекаға қайтып оралды. 

"Сондай-ақ, шарада жүргендердің бірі полиция шақырып, қызға қастандық жасалғанын айтты. Мұны кім жасағанын білмеймін", — деді Әділхан. 

Еске сала кетсек, Алматыда түнгі клубтардың бірінде өткен Хэллоуин кеші трагедиямен аяқталды. Белгілі қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин арқанға асылған мумияның рөлін сомдағаннан кейін көз жұмған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы оның өліміне миокард инфарктісі себеп болғанын көрсетті.

Тақырып бойынша

Көптеген фильмде ойнаған белгілі қазақстандық каскадер көз жұмды
Фотодерек: Ресей футболшылары алаңға жан тебірентер баннер алып шықты
KADEX-тегі кісі өлімі: зейнеткерді көрмеге кім кіргізген?
ЭКСПО: көрме аумағында сәндік конструкция құлады
"KADEX"-тегі кісі өлімі: Марқұмның отбасына неге көмек көрсетілмегені анықталды
Атамқұлов KADEX-те көз жұмған адам жайлы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады
Министр KADEX көрмесінде көз жұмған адам туралы: ол өзі кінәлі
Кілт сөздер:
каскадер, Хэллоуин, қыз бала, жарақат, жедел жәрдем, Астана
Загрузка...

Басты тақырып