Қоғам

Sputnik Қазақстан журналистері Астанада "Шабыт" фестивалінде марапатталды

© Sputnik / Владислав ВодневТілші Айгөзел Қадыр "Шабыт" байқауында II орын және медаль алды
Тілші Айгөзел Қадыр Шабыт байқауында II орын және медаль алды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тілші Айгөзел Қадыр II орын және медаль, ал Жәния Уранкаева құрмет дипломын алды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшілері "Шабыт" XXI халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің "Журналистика" номинациясында марапат алды.

Марапаттау салтанаты Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл Жабаев атындағы залында өтті.

"Журналистика / Интернет ресурстары" номинациясы бойынша Айгөзел Қадыр ІІ орын алды, оған құрмет дипломы мен және медаль тапсырды. Әділ-қазы алқасының мүшелері Жания Уранкаеваның да жұмысын бағалап, дипломмен марапаттады. 

© Sputnik / Владислав Воднев Жәния Уранкаева Шабыт" фестивалінде құрмет дипломын алды
Жәния Уранкаева Шабыт фестивалінде құрмет дипломын алды   - Sputnik Қазақстан
Жәния Уранкаева Шабыт" фестивалінде құрмет дипломын алды

Әділ-қазы алқасының төрағасы, Qazaqstan телеарнасы ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы бас редакторының орынбасары Қайрат Мұсақұлов "Интернет-ресурстар" номинациясының финалында 70-ке жуық жұмыс қаралғанын атап өтті.

"Қатысушылар берілген тақырыпты әр түрлі қырынан ашуға тырысқан және өте сәтті шыққан", — деді Мұсақұлов.

"Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалі Астанада 5 қарашадан бастап өтіп жатыр. Биыл қатысушылар бес номинация: "Классикалық музыка", "Халық музыкасы", "Журналистика", "Эстрадалық вокал" және "Хореография" бойынша сайысқа түсті.

Sputnik логотипі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Sputnik Қазақстан "Шабыт" фестивалінің қатысушысы үшін арнайы сыйлық жариялады

"Журналистика / Интернет ресурстары" номинациясында I, II және III орындар үшін 300 мың, 250 мың және 200 мың теңге (800, 674, 539 доллар) көлемінде ақшалай сыйлық қарастырылған.

 Фестивальдің бас жүлделері – әрбір номинация бойынша Гран-при мен абсолютті жеңімпазға арналған Президент Кубогының иегерлері жұма күні кешке анықталады. Байқаудың салтанатты жабылуы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Биыл Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы "Шабыт" XXI халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің "Журналистика / Интернет ресурстары" номинациясы бойынша ерекше шығармашылық жұмыс үшін арнайы сыйлық жариялады. Жеңімпаз ТМД елдерінің бірінің астанасында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады, онда ол SputnikPro бағдарламасы бойынша жас журналистерге арналған тренингтерге қатысады.


Жаңалықтар
0