Қоғам

"Кінәлі екеніне күмән жоқ". Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы полковниктің қызын кешірмеді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәбірленуші тарап сотталушыны қамауға алып, бас бостандығынан айыруды сұрайды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне қатысты атышулы іс бойынша сотталып жатқан Малика Мұхитова соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Малика Мұхитова сот залында - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы қанша жылға сотталуы мүмкін?

Екі жақтың жарыссөзі кезінде мемлекеттік айыптаушы Маликаны екі жылға соттап, жүргізуші куәлігінен үш жылға айыруды сұраған соң, сөз кезегі сотталушының өзіне берілді.

Көз жасына ерік беріп, дауысы дірілдеген Малика Мұхитова марқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы, ата-әжесі, қалыңдығы мен достарынан қайта-қайта кешірім сұрады.

Сонымен қатар 29 жастағы қыз бұл екі отбасының да қайғысы екенін атап өтті.

"Мен мұны ешқашан ұмытпаймын, өмірімнің соңына дейін жадымнан кетпейді. Енді ғана өз күнімді өзім көріп жүрмін, әкем келесі жылы зейнетке шығады, ата-анама көмектескім келген еді. Осы жайт отбасымды тығырыққа тіреді. Ескендірдің отбасы мені кешіргенін қалаймын. Бұлай болғанын қаламап едім. Мені бас бостандығымнан айырмауды сұраймын. Біз отбасымның мүмкіндігінше кез келген көмек беруге әзірміз", — деп өтінді Малика Мұхитова.

Сотта марқұмның әкесі Сергей Хан да сөз сөйледі. Ер адам прокурор Әлішер Бараев сұраған жазамен келісті. 

"Ұлым қазаға ұшыраған жол апатына сотталушының айыпты екеніне ешқандай күмәнім жоқ. Көлік айдап келе жатқанда жүргізуші Мұхитова жолда мұқият болмаған. Мұхитованың көзі дұрыс көрмейтініне де назар аударыңыздар — минус 4,5. Өзім де көзәйнек тағамын, кем дегенде жарты жылда бір рет көзді тексертіп тұру керек. Өзі айтқандай, бір жылдан бері дәрігерге қаралмапты. Ескендірдің бар өмірі алда еді, енді жұмысқа тұрған болатын. Прокурорды қолдауды сұраймын", — деді ол.

Сергей Хан сотқа айтқан сөзінде қайғылы оқиғаға сотталушының бейқамдығы мен салғырттығы себеп болғанын атап өтті.

Малика Мұхитова сот залында - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты

Ескендірдің анасы Лейла Сүлейменова сөйлеген сөзінде жол апаты болғанан кейін айыпты жүргізуші зардап шегушіге жақындап, жағдайын біліп, жедел жәрдем шақыруға міндетті екенін айтты.

"Көріп отырғанымыздай, бірінші кезекте жедел жәрдемге емес, әкесіне қоңырау соққан. Балам жерде жатқан кезде, сол жерде жүрді. Видеодан көрдім. Болған оқиға кездейсоқ, жазатайым болмағанына сенімдімін. Жол апатынан кісі қаза тапса, қасақана жасалмаса да, қылмыс болып саналады", — деді қайғыдан қан жұтып отырған ана. 

Лейла Сүлейменова да мемлекеттік айыптаумен келісіп, соттан әділ шешім шығаруды сұрады.

"Болашағымыздан айырылып, ата-ана баласын жер қойнына тапсыруға мәжбүр болғандықтан, сотталушы қатаң жазаға тартылуы тиіс деп санаймын", — деп сөзін түйіндеді әйел.

Олжас Сүлейменов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 27 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді.  Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова қағып кеткен. 29 жастағы Малика Мұхитова өткен аптада өткен сот отырысында марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады. Өзінің кінәсін толығымен мойындап, зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Айтуынша, көлікті 2012 жылдан бері жүргізеді, алты жыл ішінде бірде бір рет жол-көлік оқиғасына ұшырамаған. 

Айыпталушы "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясында жұмыс істейді, тұрмыс құрмаған, бұрын сотталмаған.

24 қазанда өткен сот отырысында зардап шеккен тарап сотталушыдан 14 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын өндіруді талап еткен еді. Алайда бүгін марқұмның отбасы ол талап-арызды қайтарып алды.

Жаңалықтар
0