17:41 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
қазақ тіліндегі кітаптар мен оқулықтар, архив

Қазақ тілі әлемнің 60 елінде оқытылатын болады

© Sputnik / Ирина Семибратова
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
351 0 0

Қазақ тілі Юнус Эмре атындағы түрік институтының филиалдарында оқытылатын болады, бұл институттың өкілдіктері көп елде бар

АЛМАТЫ, 10 қараша — Sputnik. "Отандастар" қазақстандық қоры мен Юнус Эмре атындағы түрік институты қазақ тілін әлемнің алпыс елінде оқыту туралы келісімге келді. 

"Отандастар" қоры мен Юнус Эмре атындағы түрік институты арасында жақында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум екі ел арасындағы тәжірибе және студенттер алмасуды жандандыруды көздейді, деп хабарлайды 24.kz.

Кездесуде екі ел диаспораларының арасындағы байланысты нығайту және кеңейту мәселесіне көп көңіл бөлінді. 

"Мұндай меморандум алғаш рет жасалып отыр. Біз түріктің шетелдегі диаспораларымен қарым-қатынас орнату жөніндегі жақсы тәжірибесін білеміз", — деді "Отандастар" қорының президенті Нұртай Абықаев. 

Өз кезегінде Юнус  Эмре  атындағы институттың жетекшісі Шереф Атеш қазақстандық әріптестеріне өз орталықтарын ғана емес, басқа да мүмкіндіктерді ұсынуға дайын екенін жеткізді. 

Тақырып бойынша

Самал Еслямова Мәскеуде қазақ тілін естігенде не сезінетінін айтты
Саратовта Қазақстанмен шекаралас аудандарда қазақ тілі сабағы енгізіледі
Қазақ тілі оқулығына МС Сайлаубектің есімі енгізілді – видео
Назарбаев ағылшын тілі туралы: кейбіреулер "тек қазақ тілі керек" деп шулайды
Ақтауда дәптерлер қазақ тілі сабағынан бас тартуға себеп бола жаздады
Қазақ тілі туралы орынсыз әзілдеген Азамат Мұсағалиев жұрттың сөзіне қалды
Кілт сөздер:
қазақтар, отандастар қоры, қазақ тілі, Қазақстан, Түркия
Загрузка...

Басты тақырыптар