Қоғам

Оқытушы галстуксіз келген студенттерді ұрып-соқты – видео

CC0 / Free-Photos / Галстук
Галстук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Математик киім үлгісін сақтамаған студент-инженерлерді мазақ етті

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Өзбекстан оқу орындарының бірінде жаға ұстатарлық оқиға болды – оқытушы сабаққа галстуксіз келген өз студенттерін ұрып-соқты, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан. 

Оқиғаны аудиторияда отырғандардың бірі видеоға түсіріп алған. Педагог шәкірттерін тақтаның жанына қатар тұрғызып қойып, кезекпен "сыбағасын" берген, айқай салып, іштен, бастан ұрғаны көрінеді. Жігіттер үндемей тұрған.

Белгілі болғандай, сорақы жағдай Бухара инженерлік-технологиялық институтында болған, ал қатал педагог математика пәнінен сабақ беретін болып шықты.


Жаңалықтар
0