Қоғам

Илья Ильин спорттық формасын аукционға қояды

© Sputnik / Владислав ВодневSputnik студиясында Илья Ильиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты
Sputnik студиясында Илья Ильиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшының аты-жөні мен қолтаңбасы бар форманың бастапқы бағасы әзірге белгісіз

АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің спорттық формасы аукционда сатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Мен оралдым". Илья Ильин допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алды
Ауыр атлеттің спорттық формасы аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған XI қысқы қайырымдылық маскарад кешінің аукционында сатылады. Қайырымдылық балын жыл сайын "Болашақ" корпоративтік қоры ұйымдастырады.

"Менен қорға не бере аласың деп сұрады. Ары ойлап, бері ойлап, мүмкін медальдарымды сыйға тартсам ба екен дедім. Бала кезде жеңіп алған марапаттарым өте көп. Бірақ бұл тым қарабайыр болып көрінді. Сондықтан спорттық формамды беремін деп шештім", — дейді Ильин Sputnik Қазақстан мультимедиялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, бұл оның былайша айтқанда "жауынгерлік формасы". 2015 жылы Грозныйда өткен чемпионатта киген екен. 

Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Илья Ильин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты
"Спорттық формаларым арнайы тігіледі, ешбір жерде жоқ. Мен үшін әр чемпионат жеке бір тарих. Осындай форманың менде үшеуі бар. Бірі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың музейінде. Кезінде Лондон Олимпиадасын жеңген кезде, өз қолымен сыйға тартқан едім. Екіншісі Алматыда өткен әлем чемпионатында киген формам. Бірақ оның қайда екенін, шынымды айтсам, білмеймін", — деп күлді ауыр атлет. 

Ильиннің қайырымдылық аукционына берген формасында спортшының аты-жөні, қолтаңбасы бар. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аукционда сатылатын спорттық форманың бастапқы бағасы әзірге белгісіз. 

"Қайырымдылық шараларына қатысудан ешқашан бас тартқан емеспін. Керісінше, ұнайды, мұны әрдайым айтып жүремін. Қазақстан азаматы ретінде бір-бірімізге қолдан келгенше көмектесуіміз керек деп санаймын. Маған идея ұнады, қуана-қуана келістім", — дейді ол.  


Жаңалықтар
0