Қоғам

"Ең арзан жерден тамақтана салатынбыз" Димаш жақын досын еске алды

© Sputnik / Айгюзель КадирДимаш Құдайбергенов
Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әнші Денис Теннің ешқашан өшпейтін жарық жұлдыз екенін айтты

АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген керемет дос ретінде таныған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Денис Тен қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр Денис Тенді марапаттау жайлы: Қолымнан келгені осы

Бүгін белгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Лондонда өтетін концертіне дайындық мәселелерін талқылау үшін мәдениет және спорт министрімен кездесті. Кездесу барысында журналистер Димаштан марқұм Денис Тен жайлы сұрады. Жуырда Астанада Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге әнші түнделетіп келіп, әлеуметтік желіге суреттер жариялаған болатын. 

"Жаңа сұрақ қойғанда, денем тітіркеніп кетті. Денис Тен қазақтың ешқашан өшпейтін жарық жұлдызы, ол жұлдыз ешқашан сөнбейді… Қазақстанда түнде келген бойда Денис Теннің көрмесін ұйымдастырып жатқан жандарға алғысымды білдіріп, көрменің қалай өтіп жатқанын көру үшін барған едім. Әрине, ешкім жоқ кезде, өзіммен өзім өткен-кеткенді еске алып дегендей", — деді ол. 

Димаш керемет дос ретінде танығанын айтты. 

"Денисті мақтауымыз артық. Өйткені, сіздер оны керемет спортшы, керемет өнер адамы ретінде білсеңіздер, мені керемет дос есебінде таныдым. Біз бұдан біраз жыл бұрын танысып, етене араласып, соңғы жылдары қатты араласа бастадық. Денистің қарапайымдылығы қатты ұнайтын еді. Өте қарапайым бала болатын. Өздеріңіз көресіздер ғой, жалпы биік белестерді бағындырған немесе аты шыққан адамдар сәл-пәл масаттанып, пендешілік танытып қалып жатады. Ал Денистің бойынан ондайды ешқашан көрген емеспін. Достар арасында өзіміз әзілдесіп, "Олимпиада чемпионы қарапайым жерге барып тамақ ішуге бара ма бізбен" деп айтып қаламыз. Сол кезде түнде шығып, ең арзан бір жерге барып тамақтана саламыз. Ол Денистің өз ісіне кәсібилік тұрғыдан қарап, қоғамда өзінің адам екен ұмытпағандығы", — дейді әнші.  

Димаш Құдайберген Денис Тен қазақтың тарихында болмаған жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Лондондағы концертінде Денис Тенге арналған әнін орындайды

"Мәнерлеп сырғанау қазақтың қанында жоқ дүние, қазақтың тарихында болмаған жетістікке жетті. Әрбір айтқан сөзі, әрбір жасаған жұмысы  қазақтың мәртебесі үшін болатын. Енді ондай жан туа қоймайды ғой деп ойлаймын", — деді ол.  

Әнші Денис Тенмен бір сахнада ән айтқысы келгенін, енді ол арманы ешқашан орындалмайтынын айтты. 

"Екеуміз Бейжіңде немесе басқа мемлекеттің үлкен стадионында бірге ән орындаймыз деп келіскен едік. Енді Лондонда мен оны өзім орындайтын боламын", — деп күрсінді Димаш.


Жаңалықтар
0