22:54 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Жатақхана, архивтегі фото

Астанада дәрігерлер үшін 3 жатақхана салынатын болды

© Sputnik / Егор Алеев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Сондай-ақ осы жылдың желтоқсан айында тұрғын үй сертификаттары беріледі

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Елордада медициналық мекемелердің қызметкерлері үшін 3 жатақхана салынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Қалада акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог және реаниматолог сияқты мамандардың тапшылығы байқалып отыр. Бұл туралы "Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың келтірген мәліметтеріне қарағанда, Астанада бала туу жасындағы әйелдердің саны 20 жылда 4,6 есе өссе, акушер-гинекологтар саны 2,6 есеге артқан. 

"1998 жылы Астана қаласындағы акушер-гинеколог мамандарының саны 119 болса, бүгін бұл көрсеткіш 320-ға жетіп, 2,6 есеге артқан. Бала көтеруге қабілетті әйелдер саны 1998 жылы 70 мыңды құраса, қазір олардың саны 325 мыңға дейін жетіп отыр. Көрсеткіш 4,6 есеге артқан.  АМЖЖ-нің акушер-гинекологтармен қамтылу көрсеткіші штаттық кестенің 85% құраса, стационарлық деңгейде акушер-гинекологтардың штаты 90 % шамасында", — деді К. Надыров.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кешенді шараларды қолға алды. 

"Мамандардың тапшылығына әсер ететін факторлардың бірі – Астанада тұрғын үйдің жоқтығы. Тек биылдың өзінде тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін квалификациялық босандыру қызметі мамандарына 10 пәтер бөлінді. Алдағы уақытта 1500 пәтері бар үш жатақхана салынады деп  жоспарлануда. Сондай-ақ, баспананы қолжетімді ету мақсатында тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесі де қарастырылып жатыр", — деді К. Надыров. 

Мұндай сертификаттар осы жылдың желтоқсанында беріледі. 


Тақырып бойынша

Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін үй салынады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "7-20-25" схемасы бойынша ипотека береді
Ауылдар үшін жеке тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді
Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Назарбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды
Кілт сөздер:
"7-20-25" бағдарламасы., дәрігер, тұрғын үй, баспана, Астана
Загрузка...

Басты тақырып