23:25 17 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Асылбек Ізбайыров, тарих ғылымдарының докторы

Профессор: қазақ екеніңмен мақтану — теріс діни ағыммен күресте басты иммунитет

жеке архивінен
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
167920

Дінтанушы маман қазақстандықтарды теріс діннен сақтандыруда ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы зор екенін айтып берді

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Асылбек Ізбайыров Қазақстанда теріс діни ағымдармен күрес жүргізудің тиімді жолын ұсынды. Дінтанушының айтуынша, радикалдармен күресте қазақ елінің Еуразия кеңістігіндегі алып империяның мұрагері екенін санаға сіңіріп отыру маңызды. Осының арқасында жастардың бойында ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезімі артып, басқа жұртқа еліктемейтін болады.

Асылбек Ізбайыровтың айтуынша, қоғамдық санада дұрыс діни бағыт-бағдар қалыптастырып, діни топтармен жұмыс жүргізуде ұлттық құндылықтарға баса назар аудару қажет. Мұны осы уақытқа дейін жүргізілген көптеген зерттеу нәтижесі де көрсетіп отыр.

"Бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық бірегейлігінің өзі әлі де қалыптасу үстінде. Осыған орай мемлекетіміздің дін саласындағы ұстанған саясаты тек ұлттық ерекшеліктерімізді қалыптастырып, одан әрі дамытқан кезде дұрыс нәтиже береді", — деді профессор.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, дінтанушы ақпараттық-идеологиялық кешенді жұмыстар мен іс-әрекеттер "Ұлы дала", "Мәңгілік ел" сынды концепцияларға негіз болып отырған стратегиялық бағдарламалармен үйлесім табуы керектігін айтты. Сол кезде ғана деструктивті, жат діни ағымдармен күрес оң нәтижесін береді.

"Ислам діні мен ұлттық бастаулар арасында қақтығыс көп"

Мұнымен қатар, Асылбек Кәрімұлы антиэкстремистік идеологияның тек діни процесс пен құрылымдар арасында қалып қоймағаны абзал екенін атап өтті. Осы орайда мысал келтірді.

"Түркия мен Малайзия сынды қарқынды дамып келе жатқан зайырлы мұсылман мемлекеттерге қарайтын болсақ, діндар адамдардың саясат мәселесіне келгенде байсалды әрі елдің тұрақты дамуына деген көзқарасы оң. Ең бастысы, олар ислам мен ұлттық патриотизм сезімін ұштастыра біледі. Ал бізде керісінше ислам діні мен ұлттық бастауларымыздың арасында қақтығыс жиі туындап отырады", — деді ол.

Әрі қарай дінтанушы сыннан сүрінбей өткен тәжірибелердің діни дүниетанымы қалыптасқан радикалдар мен діндар жастардың санасын уланудан сақтауда оң нәтижесін беріп отырғанына назар аударды. Мысалы, Қарахан мемлекеті мен Алтын Орданың тарихи мұрасын жаңғырту және Қазақ хандығы тұсындағы мұраларды жаңғырту арқылы біраз нәтижеге қол жеткізуге болады.

Ханафи мәзһабы Қазақстанға қашан келді?

"Тарихқа тереңірек үңілсек, ислам дінінің қазақ қоғамына өте ертеректе келгенін көреміз. Бүгінгі таңда Қазақстанда "қазақтар ешуақытта шын мұсылман болмаған" деген жалған идеология бар. Бұл пікірдің қате екеніне көптеген дәлел келтіруге болады", — деді маман.

Тағы оқыңыз:

Асылбек Ізбайыровтың зерттеуінше, Ханафи мәзһабы Алтын Орда кезеңіндегі Өзбек хан, Әз-Жәнібек хан тұсында еуразиялық кеңістікте тарады. Осылайша Қарахан дәуірі, Алтын Орда мен Қазақ хандығы кезеңдеріндегі тарихи-мәдени жадымызды жаңғырту арқылы бүгінгі таңда дін атын жамылған экстремистік құбылыстарға төтеп бере алатын бірден-бір иммунитет, яғни қазақ екенімізбен мақтану арқылы іште мықты иммунитет қалыптастырамыз.

"Қазақ елі — алпауыт империяның мұрагері"

Қазақстан көптеген ұлт пен ұлыстарды біріктірген ұлы түркілердің, сан алуан дінді тең ұстаған, толерантты бола білген Алтын Орда секілді Еуразия кеңістігіндегі алпауыт империяның мұрагері.

"Бұл өз кезегінде келешекте "қазақ ұлты" мен "қазақстандық қоғам" деген дихотомияны біржолата жойып, ұлттық идеология төңірегіндегі барлық өзекті мәселенің нүктесін қоятынына сенімдімін", — деді Асылбек Кәрімұлы.

Сөз соңында дінтанушы ислам дінінің бірден-бір рәмізі және қазақтардың саяси санасының біртұтастығының тарихи көрсеткіші болып отырған Қожа Ахмет Яссауи сынды кесенелерді келешек ұрпаққа дәріптеп отыруды ұсынды.

Тақырып бойынша

Умра-2018: Қазақстанда қажылыққа бару бағасы мен шарттары қандай?
Хиджаб киетін он алты оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Мектепке хиджаб киюге қатысты Конституция не дейді? Белгілі заңгер жауап берді
Қазақстандықтардың қанша пайызы дін саласындағы саясатты қолдайды?
Митрополит: Террористер діни киімге оранып жүрсе де, шайтанның құлы болып қала береді
Діни қызмет туралы заң жобасы: Хиджабқа тыйым салына ма?
2019 жылы Рамазан айы мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Кілт сөздер:
ұлттық құндылықтар, қазақ, экстремизм, теріс ағым, дін
Загрузка...

Басты тақырып