11:07 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Ақша

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5411 0 0

Жыл басынан бері 11 мыңнан астам астаналыққа атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болатыны түсіндірілген

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Астанада 850-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Ол үшін қаладағы Жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек аясында шартсыз және шартты ақшалай көмек көрсетіледі. 

"Шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедек немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасыларына)  немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыс істей алмайтын отбасыларға (мысалы, мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғыз басты ана) беріледі", — деп мәлімдеді ведомство.

Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына қатысу талап етілмейді.  

"Ал шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады, олар әлеуметтік келісімшарт жасасып, отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысуы тиіс", — деп толықтырды басқарма мамандары.    

1 қарашадағы мәліметке сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) бойынша 11 мыңнан астам астаналыққа кеңес берілген.  

"Жыл басынан 11 мыңнан астам адамға жаңа АӘК тағайындауға қатысты кеңес берілді. АӘК 854 отбасыға тағайындалды, онда 4 240 адам бар. Көмек алушыларға  отбасының табысы аз екенін растайтын сертификат беріледі. 

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде есептік кезеңге түскен табыстың барлық түрі (АӘК үшін өтініш айына дейінгі тоқсан үшін) есепке алынады.  

"Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін орташа жан басына шаққандағы айлық табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің (16 497 теңге – осы жылдың 3-тоқсанындағы кедейлік шегі) 50%-нан төмен болуы тиіс, –деп жазылған хабарламада. 


Тақырып бойынша

Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер алуға миллион теңгеден көмек беріледі
"7-20-25": екі миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі
Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады
Енді төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейді
Кілт сөздер:
атаулы әлеуметтік көмек, Астана
Загрузка...

Басты тақырып