12:20 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Смартфон

Смартфонның істен шығуының ең жиі кездесетін себебі белгілі болды

© REUTERS / Stephen Lam
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1271 0 0

Сарапшылар америкалық қолданушыларға зерттеу жүргізіп, смартфонның бұзылып қалуының ең жиі кездесетін себебін анықтады

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. SquareTrade компаниясының сарапшылары америкалықтарға зерттеу жүргізіп, смартфонның бұзылуының ең жиі кездесетін себебін айтты.

Зерттеуге сүйенсек, адамдардың 66 пайызы өз телефондарын өздері сындырып алған. Сондай жайттардың жартысында (29%) телефонның экраны сынған екен – АҚШ-та бір жыл ішінде 50 миллион гаджет бұзылған. Оны жөндеуге барлығы 3,4 миллиард доллар кетіпті.

Телефон иелері экранға сызат түскенде (27%), батареясы істен шыққан кезде (22%), корпусының қырлары ұрылғанда және сенсорлық басқару істемей қалғана (16 пайыздан) жөндеу шеберханаларының көмегіне жүгінеді.

Сарапшылардың айтуынша, смартфонның сынып қалуының жиі кездесетін себебі – адамның дұрыс пайдаланбауы. Абайсызда жерге құлатып алатындар ең көп кездеседі екен (74%). Суға құлатқандар — 39%, әжетханаға құлатқандар — 26%.

Сонымен бірге тұтынушылар телефонды жөндеуге қанша кететінін білмей, сынған смартфонды ұстап жүре береді немесе жаңасын сатып алады.

Тақырып бойынша

Еліміздің тұрғындары ұялы телефонын тіркеуге міндеттелді
Енді мұғалімдер смартфон арқылы оқушыға баға қояды
Банк карточкасының сіз білмейтін 8 құпиясы
Кілт сөздер:
сарапшылар, бұзылу, смартфон
Загрузка...

Басты тақырып