15:07 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
кітап

Ардақ Назаров спортшыларға "Абай жолын" оқытқызып, Шәкәрімнің өлеңдерін жаттатқызып жүр

CC0 / Congerdesigne
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
252 0 0

Үш дүркін әлем чемпионы журналистердің намысқа тиюінің арқасында бүгінде сөзге шешен болып алғанын айтты

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы және әлем кубогының иегері, Еуропа-Азия матчтық кезеңінің жеңімпазы Ардақ Назаров "Спортшылардың ойлау қабілеті төмен, сөзге шорқақ" келеді деген пікірді толықтай жоққа шығарды. Осы орайда, өзінің мектебінде шынығатындарға қазақтың классикалық романдарын оқытып, ақындардың өлеңдерін жаттатқызатынын айтып берді.

Спортшы бастапқыда өзінің сөзге шорқақ болғанын жасырмады. Десе де, журналистер намысына тиіп, керісінше қазір еш жерде сөз сөйлеуге қымсынбайтынын айтып өтті.

"Мен де сөзге шорқақ болғанмын. Мұғалімнің алдында екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын едім. Кейін сөзге шебер болуыма маған журналистер көмектесті. Спортшылар сөйлей алмайды деп намысқа тиіп, үлкен аталарымыздан бата алып, сөз үйрендік. Соның арқасында бүгінгі таңда бір-екі ауыз сөз айтып жүрміз", — деді ол Қазақстан арнасының "Назар" бағдарламасына берген сұхбатында.

Тағы оқыңыз:

Хабиб Нурмагомедовке әкесі жаттығудан кейін кітап көшіртіп жазғызатын болған. Осы секілді Ардақ Назаров та өзінің жолын қуған қазақ жігіттеріне кітап оқытып, бабалардың өмірбаянын айтып беретінін жеткізді. Өзі Бекболат ауылындағы Хамза қажыдан бата алып өскен екен. Алғаш жыр жаттауды да осы Хамза қажыдан үйренген.

"Спортшы дегеніміз — бүгінгі күннің батырлары. Егер спортшыға рухани тәрбие бермесеңіз, ертең үйренген күш-жігерін жамандыққа жұмсауы мүмкін. Ал біздің бабаларымыз бүкіл күш-жігерін осы елді қорғау үшін жұмсады. Сол сияқты бүгінгі батырлар да өз күшін жақсылыққа жұмсауы керек", — деді Ардақ Назаров.

Әрі қарай әлем чемпионы соңғы айда өзінің мектебінде 200-ге тарта 4-50 жас аралығындағы шәкірттеріне Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабын оқуға тапсырма бергенін айтты. Кейін әр шәкіртінің берілген тапсырманы қаншалықты орындайтынын өзі қадағалап отырады екен. Сондай-ақ, ол мектебінде тәрбиеленіп жатқан спортшылардың жан-жақтылығымен мақтанды.

"Оның алдында "Абай жолын" оқуға бергенбіз. Балалар Шәкәрімнің өлеңдерін жаттап жатыр. Сондықтан балалардың тек спортпен қалып қалғанын қаламаймын. Біздің балалардың барлығы оқып жатыр, дипломдары мен жұмыстары бар. Сонымен қатар, сөзге шешен, жұдырықтары да жуан", — деді спортшы.

Тақырып бойынша

Қыдырәлі Болманов өзі туралы кітап жазып шығармақ
Астанада мұқабасы адам терісінен жасалған кітап халық назарына ұсынылды
Жақып Асанов: кітап оқыңыздар да, адамша жауап беріңіздер
Каир қаласында Абай ескерткіші ашылды
Кілт сөздер:
Абай жолы, ережесіз жекпе-жек, кітап, спортшы, Ардақ Назаров
Загрузка...

Басты тақырып