Қоғам

Алматыда шетелдіктерді заңсыз тіркеген лауазымды тұлғалар ұсталды

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуТіркеу
Тіркеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мигранттарды заңсыз тіркеуге көмектескен көші-қон қызметі бөлімінің бастығына 4,7 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Алматыда шетелден келген еңбек мигранттарын заңсыз тіркеуге көмектескен көші-қон қызметі бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматыда көші-қон қызметкерлерінің көмегімен шетелден келген еңбек мигранттарын заңсыз тіркеуді ұйымдастырған төрт азаматтың қылмыстық қызметінің жолын кесті.

уақытша тіркеу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеңілдетілді

"Жедел іздестіру шаралары барысында еңбек мигранттарына жалған құжат жасалған кеңсе анықталды. Тінту кезінде 800-ден астам шет ел азаматтарының төлқұжаты, жалған медицналық анықтамалар, дактилоскопиядан өткендігі туралы анықтамалар, жалған еңбек келісімшарттары және тағы басқасы тәркіленді", — деді Бастарова брифинг барысында. 

Көші-қонды заңсыз ұйымдастырған тұлға мен оның сыбайласына еңбек рұқсатын заңсыз беру мен шетелдіктерді тіркеудің 673 фактісі бойынша айып тағылды. 

"Қазіргі уақытта Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының шешімімен Бостандық ауданы ішкі істер басқармасы көші-қон бөлімінің бастығы А. Мұсанов Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-тармағы бойынша мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, сондай-ақ, "полиция майоры" арнайы атағынан айырыла отырып, 4,7 миллион теңге айыппұл салынды. Ал У. Шамсиевке ҚК 368-бабы 1-тармағы 760 мың теңге айыппұл салынды", — деді ол.

Қалған фигуранттарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Басқа деректер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Жаңалықтар
0