21:14 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Аурухана

"Бір уколы 100 мың". Алматы облысында отбасы жылап көмек сұрады

© Sputnik / Варвара Гертье
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
188 0 0

Нұржан есімді жас жігіт 12 жасында арбадан құлап, содан бері емделе алмай келеді. Соңғы екі жылда денсаулығы қатты сыр беріп, төсек тартып жатып қалған

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Алматы облысы Жаркент қаласында Нұржан есімді жас жігіт 12 жасында арбадан құлап, аяғы ауыра бастайды. Соңғы екі жылдан бері денсаулығы қатты сыр беріп, аяғы жүруге келмей қалған. Күнделікті ата-анасы жанында болып, тамағын беріп жүр. Осы орайда, жақын туысқандары отандық бағдарламалардың біріне хабарласып, халықтан көмек сұрады. Себебі, соңғы салдырған дәрілерінің біреуінің бағасы жүз мың теңгеге дейін барған. Десе де, жақындары оған бұл дәрілердің де айтарлықтай көмектеспегенін айтып жатыр. 

"Бірінші апарған ауруханамыз жағдайы ауыр деп Нұржанды алмады. Кейін Өтеген батыр ауруханасына бардық. Ол жерде "Бала 15 жасқа толып кеткен" деп тағы алмады. Бұдан соң қаралған дәрігерлер аяғына суық тиген деп дәрілік май жаққызды. Олардан баланың терісі бүлініп, одан бетер жағдайы нашарлады", — деді Нұржанның әпкесі Серікгүл Мұқашева Қазақстан арнасының "" бағдарламасында. 

Отбасында Нұржаннан өзге Айдана есімді бір қыз бар. Өзі қазір 21 жаста. Айтуынша, армандары көп. Десе де, жаратушыдан орнынан тік тұруды ғана сұрап жүрген жайы бар. Сондай-ақ, айналасында көмек қолын созып жүрген жақындарына алғыс айтты.

Нұржанның туысқан әпкесі бастапқыда дәрігерлердің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ деп айтқанын жеткізді.

Тағы оқыңыз:

"12 жасында ауырып қалған кезде тексерттік. Алматыға келсе, мен және отбасым жүгіреді, ауылда болғанда сіңілім көмектеседі. Сол алғаш тексерткенде "Бәрі жақсы, дұрыс" деп айтқан еді. Бірақ кейін бала жүрмей қалды. Мемлекеттікке де, жекеменшік ауруханаға да қараттық. Бір аяққа салған дәрінің өзі 100 мың теңге тұрады. Біріншісін өздері салып берді, кейінгілерін келіндерім өздері ақша төлеп салдырып жүрді", — деді ол.

Сондай-ақ, дәрігерден бөлек, бақсы-балгерге де апарғанын жасырмады. Бүгінде Нұржанның ата-анасы жұмыс істемейді. Себебі, жас жігіт өз бетінше мүлдем қозғала алмайды. Серікқұл Мұқашева ата-анасының бірі Нұржанның басын, екіншісі аяғын қозғалтатынын айтады.

Бүгінде бір отбасы Нұржанның мүгедектік үшін алатын жәрдемақымен күн көріп отыр. Құжатта 2012 жылдан бері жәрдемақы алады деп жазылғанмен, туыстары мемлекет тарапынан берілетін көмекті тек 2016 жылдан бастап алып келе жатқанын айтады.

"Бастапқыда "Қарекет" бағдарламасына барып көмек сұрайық" деген кезде, Нұржан намыстанып, қарсы шықты. Нұржанның мүлдем жүре алмай қалғанына екі жылдың жүзі болды. Қаратпаған жеріміз жоқ. Алматыдаға ревматологиялық орталыққа да жатқан болатын. Ол жерде "артрит" деген диагноз қойып берді. Күннен күнге нашарламаса, жақсы болып бара жатқан жоқ", — деп көзіне жас алды Нұржанның Жаркент қаласындағы туысқан әпкесі.

Осы орайда, жас жігіттің отбасы қазақстандықтардан көмек сұрады. Себебі, бүгінде Нұржанның денсаулығы ғана емес, оның отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашарлаған.

Тақырып бойынша

Қытайда қалған қазақтардың балалары көмек сұрады: Қазақстан нота жіберді
"Логика қайда?" Депутат министрден көмек алатындардың неге азайғанын сұрады
"Ел игілігі үшін жүрміз!". Баян Алагөзова жоғарғы соттан күйеуіне көмек сұрады
Сайрагүл Сауытбай үкіметтен қандай көмек сұрады?
"Папамды қайтарыңызшы". Ақорданың алдына келген бала Назарбаевтан көмек сұрады
"Баланы құтқарыңыз". Астанада көз жұмған әйелдің күйеуі министрден көмек сұрады
Риддердегі жол апаты: қаза тапқан жігіттің әкесі Назарбаевтан көмек сұрады
Кілт сөздер:
дәрігер, туысқан, жас жігіт, науқас, көмек, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып