08:15 18 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD377.62
  • EUR426.03
  • RUB5.67
Латын әліпбиіндегі жазу

Q операциясы: Астана латын әліпбиіне қалай көшіп жатыр?

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
28210

Астана біртіндеп латын әліпбиіне дайындалып жатыр. Қалада көптеген маңдайша жазу пайда болғанымен, көпшілігінде қате бар

АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Елорда ғимараттарының қасбетін көмкерген алуан түрлі маңдайша жазулар – оларсыз қаланы елестету мүмкін емес. Бүкіл жазуларды алып тастасаң, жаңа елорда жалаңаштанып қалғандай болатын шығар. Бүгін де Астана "сәнқой қыз" сияқты келбетін өзгертіп, латын әріптерімен жаңарып шыға келді.

Жеті жылдан соң Астананы мүлдем танымай қаларсыз – қазақ тіліндегі "ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү " ұшты-күйлі жоқ болады. Оларды латын әріптері алмастырмақ, жаңа жазу "ескі әріптесін" қазірден ығыстырып жатыр.

Sputnik Қазақстанның фотографы елордамызды бір аралап, латын әліпбиінде жазылған маңдайша жазуларға зер салып қарап шықты. Арасында қате жазылғандары да бар көрінеді.

"Қалай жазсам да, өзім білем" – маңдайша жазулардағы қателіктер

Қазақстанда латын әліпбиінің бастапқы екі нұсқасы жұртшылықтың жүрегін жаулап ала алмады. Әуелі қосарлы әріп – диграфтары бар әліпбиіді жерден алып жерге салса, кейін апострофы бар жазуды халық күлкіге айналдырды.

Елордалық жиһаз дүкені маңдайшаға екі түрлі нұсқада жазу жазып қойыпты. Сонда да қателікке бой алдырған, өйткені әліпбидің соңғы нұсқасында әріп үстінде сызықша бар емес пе!

Латын әліпбиіндегі жазу
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі жазу

Ал Бұқар жырау көшесінің атауын тіпті үш үлгі бойынша жазып тастаған. Солға бұрылсаңыз – Buqar Jyrau көшесі, оң жақта — Buhar Jyray, ал сізді Buqar jyraɣ́ көшесіндегі үйге қонаққа шақырған болуы әбден мүмкін.

Латын әліпбиіндегі көше атауы
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі көше атауы

Катастрофа-апострофтар елордалық туристік фирмаға да жарасып тұр, содан болар ескіріп үлгерген латын әліпбиіндегі жазуды ауыстыруға асықпайтын сияқты. Алда тағы құбылып шыға келе ме, кім білсін.

Латын әліпбиіндегі жазу
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі жазу

Мұндай қателік үшін елордалық мектепте екі қоймасы анық. Дегенмен оқу ісі бойынша мектеп орынбасарының тақтайшасын ауыстырған абзал.

Латын әліпбиімен жазылған тақтайша
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиімен жазылған тақтайша

"Сәбіз" деген көздің жауын алатын жазу латын әліпбиінің бұрынғы нұсқасына байланысты елді шулатқан әзілді еске салады. Бұл әліпбиді өзгертпегенде, сәбіз деген сөз "saebiz" болып жазылатынын жұрт ұмыта қоймаған шығар. Тапқыр елордалықтар хайпты құр жібермей, іске асырып үлгеріпті.

Латын әліпбиіндегі жазу
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі жазу

Ал кейбіреулер тіпті басын қатырмайды. Орыс сөздерін ағылшын әріптерімен жазып қойыпты – "болмасаң да, ұқсап бақ" дегеннің кебі ме?

Ағылшын әріптерімен жазылған орысша атауларм
© Sputnik / Владислав Воднев
Ағылшын әріптерімен жазылған орысша атаулар

Әлі көз үйренбеген латын әліпбиі

Елордалық маңдайша жазуларды оқып, тіліңізді жаттықтырыңыз. Бүкіл сөзді бір дегенде дұрыс оқып шықсаңыз, тілге жүйрікпен деп мақтанып қойсаңыз болады.

  • Латын әліпбиіндегі жазулар
    Латын әліпбиіндегі жазулар
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Латын әліпбиіндегі жазулар
    Латын әліпбиіндегі жазулар
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Латын әліпбиіндегі жазулар
    Латын әліпбиіндегі жазулар
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Латын әліпбиіндегі жазулар
    Латын әліпбиіндегі жазулар
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Латын әліпбиіндегі жазулар
    Латын әліпбиіндегі жазулар
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Латын әліпбиіндегі жазулар
    Латын әліпбиіндегі жазулар
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Латын әліпбиіндегі жазулар
    Латын әліпбиіндегі жазулар
    © Sputnik / Владислав Воднев
1 / 7
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі жазулар

Баз біреулер "ashana" деген қарапайым сөзге де мүдіріп жатады, себебі ағылшын тілінде "sh" диграфы "ш" дыбысын береді, содан болса керек  "асхана" деп емес "ашана" деп оқитындар кезігеді.

Латын әліпбиіндегі жазу
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі жазу

Президенттің латын әліпбиіне көшу туралы тапсырмасын ресми орындар да жапа-тармағай орындап жатыр. Бейбітшілік және келісім сарайы, мемлекеттік басқару академиясы және жегілікті өрт қызметі маңдайша жазуларын ауыстырып, латын әліпбиінде жазып қойды.

Латын әліпбиіндегі жазу
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі жазу
Латын әліпбиіндегі жазу
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі жазу
Латын әліпбиіндегі жазу
© Sputnik / Владислав Воднев
Латын әліпбиіндегі жазу

Алдағы өзгерістерге Астана қауырыт дайындалып жатыр, кемшіліксіз де болмасы анық. Ал әзірге бас қаламыздың осы келбетін мәңгі жадымызда сақтауға тырысайық.

Тақырып бойынша

"Өзіме "5" деген баға қоямын" Қазақстандықтар алғаш рет латын әліпбиінде диктант жазды
Назарбаев мемлекет басшыларына латын әліпбиі неліктен маңызды екенін айтты
Сағадиев латын әліпбиімен оқи бастайтын сыныптарды атады
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру: жазу емлесінде қанша ереже болады
Түймебаев лекция кезінде латын әліпбиімен қиналмай жазды
Елімізде латын әріптерімен қазақша пернетақта іске қосылды
Оқулықтарды латын әліпбиіне аудару шығынын кім көтереді?
Депутат: латын әліпбиі қазақ ұлтының бөлшектенуіне әкеп соғуы мүмкін
Кілт сөздер:
өзгерістер, маңдайша жазулар, Латын әліпбиі, Астана
Загрузка...

Басты тақырыптар