06:34 12 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.30
  • EUR428.14
  • RUB6.08
Ұйқы

Ғалымдар қорылдаудың өлімге әкелетін қаупін айтты

CC0 / Wokandapix
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2596 0 0

Адамның жүйкесіне тиіп қана қоймай, денсаулығына да орасан зор зиян келтіреді екен

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Мюнхен университетінің ғалымдары анықтағандай, ұйықтап жатып қорылдайтын ер азаматтар мен қыз-келіншектер уақыт өте келе жүрек-қантамыр ауруына шалдығуы мүмкін.

Eurek Alert хабарлауынша, ауа жетіспеушілігінің зардабы ер адамға әйел затынан қарағанда "кешірек" тиеді – нәзік жандылар небәрі бірнеше жылдың ішінде жүрек дертіне ұшырауы ықтимал.

Зерттеушілер атап өткендей, емдік шаралар қабылдамау немесе дұрыс жатып ұйықтамау салдарынан апноэ — тыныстың қысқа уақытқа тоқтауы туындайды. Бұдан бөлек, қорылдау салдарынан жүректің сол жақ қарыншасы кішірейіп, қан ағысына ықпал етеді.

Ал қорылдаудың басты себебі – артық салмақ пен ұйықтағанда қисық жату. Ал тыныс жолдарының ауруы қорылдаудың негізгі себебіне жатпайтын көрінеді.

Тақырып бойынша

Түнде жұмыс істеудің қаупі: ғалымдар жантүршігерлік қорытынды жасады
Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады
Ғалымдар жүргізушілердің рөлде неге ұйықтап қалатынын анықтады
Ұйқысы қанбай жүретін адамның семіздікке шалдығатыны анықталды
Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады
Кілт сөздер:
ғалымдар, қауіп-қатер, денсаулық, қорылдау, ұйқы
Загрузка...

Басты тақырып