19:02 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Ер мен әйел, архивтегі фото

Қыстың алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Валерий Мельников
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
385 0 0

Ел аумағының басым бөлігінде желтоқсанның алғашқы күнінде аяз болады

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik.  "Қазгидромет" синоптиктері 1 желтоқсан – қыстың алғашқы күніне ауа райы болжамын жасады.  

Сенбіде Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында қалады, сондықтан мұнда күн ашық, аяз болады деп болжануда. Тек еліміздің солтүстік-батысы, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында  қар жауып, боран соғады, жел тұрады.  

Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сенбі, 1 желтоқсан күні Жамбыл облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, түнде оның екпіні 23 метрге жетеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады.

Сондай-ақ, Қазақстанның шығысында секундына 25 метр жылдамдықпен жел соғады, кейбір жерлерде бұрқасындатады деп болжанып отыр.

Алматы облысының  кей жерлерінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетуі мүмкін, сондай-ақ метеорологтар кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады деп болжады.  

Түркістан облысында, таңертең және күндіз Ақмола облысында, Қостанай облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, тұман, боран болады.

Солтүстік Қазақстан,  Қарағанды облыстарында 1 желтоқсан күні  желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр шамасында болады, бұрқасындатады.

Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жел соғады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Gismeteo.kz порталының хабарлауынша, Астанада түнде 18 градус, ал күндіз 12 градус аяз болады, қар жауады.

Алматыда түнде 10 градус, күндіз төрт градус аяз болады, қалың қар жауады.

Шымкентте түнде бес градус, күндіз төрт градус суық болады. 


Кілт сөздер:
көктайғақ, аяз, ауа райы, Қазгидромет, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар