16:44 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2959 0 0

Қазақстандықтар Елбасының өзін тәнті еткен қасиеттері туралы айтып, бүгінгі төл мерекесімен құттықтады

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналып, жаһан жұрты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салған сара жолына қызығушылық танытып жатыр. Сондай-ақ, мемлекет басшысының тың идеялары мен бастамалары көптеген зерттеуге арқау болды. Осылайша президенттің халқы үшін сіңірген ерен еңбегін Қазақстан жұрты ғана емес, әлемдік беделді тұлғалар жоғары бағалап отыр. 

Түрлі салада еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтары Елбасының қай қасиетін ерекше бағалайтынын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевты бүгінгі Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина Ұлы дала комедиясы фильмінің премьерасында
© Sputnik / Владислав Воднев
Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина "Ұлы дала комедиясы" фильмінің премьерасында

"Халық әндерін шебер орындайды"

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Елбасының дәстүрлі әндерді жақсы көретінін білгенде таңғалғанын айтады. Сондай-ақ, жақсы көріп қана қоймай, дәстүрлі әндерді жатқа айтып, кез келген орындаушыға кәсіби сын айта білетін қасиетін ерекше бағалайтынын жеткізді.

"Халық әндерін соншалықты жақсы білетінін көргенде, қайран қалдым. Домбыраны да өте жақсы тартады, xалық әндерін нақышына келтіріп, ерекше кәсібилікпен орындайды. Қай елдің патшасы өзінің ұлттық өнерін, ұлттық аспаптарын осылай меңгерген?! Ешқай елде ондай жоқ. Ал ұлттық өнерін, салт-дәстүрін терең меңгерген, өн бойына сіңірген жан ұлты үшін ең жанашыр, ең тілекші адам болады. Сондықтан осындай ұлтжанды көшбасшысы бар біз қазақ бақыттымыз деп ойлаймын", — дейді әнші.

Сондай-ақ, әртіс Елбасының ерен еңбегі, биік бедерінің арқасында Қазақстанның іргесі тыныш, аспаны ашық екенін айтып өтті. Жерімізде бейбітшілік, бірлік-ынтымақ болса ғана, әл-ауқаттың көтеріліп, жан-жақты дами алатынымызға тоқталды.

"Сол басты құндылық — тыныштықты сақтап отырған Елбасымызға Алла күш-қуат бергей! Шүкір, еліміз даму үстінде, Елбасы бір тынбай, алысқа көз тастап, жыл сайын түрлі бағдарлама, жолдау жасап, әр саланы дамытуға тапсырмалар беруде. Алдағы жыл — жастар жылы деп жарияланды. "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында мәдениетімізге, ұлттық өнерге ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан президентіміздің барлық бастамасы берекелі болғай! Мықты денсаулық тілеймін! Тұңғыш президент күні құтты болсын!" — деді Қарақат Әбілдина.

Жұмабек Сарабеков, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы
© Sputnik / Владислав Воднев
Жұмабек Сарабеков, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

"Мықты дипломат"

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бері сауатты сыртқы саясат жүргізіп келе жатқанына тоқталып, сыртқы саяси концепцияның қалыптасуында тұңғыш президенттің атқарған рөлі ерекше екенін атап өтті. Осы орайда, ол Елбасының арқасында Қазақстанның қандай жетістіктерге жеткенін жіпке тізді.

"Мен президентіміздің дипломатиялық қабілеттерін ерекше бөліп көрсетер едім. Бүгінгі таңда Қазақстан тұңғыш президент пен білікті мамандар арқасында Орталық Азия аймағындағы нағыз көшбасшыға айналып отыр. Мұны халықаралық қауымдастық толығымен мойындайды және келесі көрсеткіштер осыған дәлел бола алады. Экономикалық көрсеткіштерімізден бастайтын болсақ, қазір жалпы ішкі өнім 160 миллиард долларды құрайды және бұл Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі жалпы өнім көрсеткіштерін қосқан сомадан асып түседі. Одан бөлек жалпы ішкі өнімді адам басына шағатын болсақ, әрқайсысына 9 мың доллардан жетеді. Сондай-ақ, осы 25 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына 300 миллиардтан астам инвестиция келіп түсті. Бұл жалпы аймаққа келіп түскен инвестициялардың 80%-ін құрайды", — дейді саясаткер.

Жұмабек Сарабековтың айтуынша, экономиканың дамуы сыртқы саясатпен тікелей байланысты. Яғни Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға бет бұрып, көршілермен өзара экономикалық қарым-қатынас орнатты. Бұл жерде Қазақстан өзін Орталық Азиядағы дәнекерлеуші мемлекет ретінде көрсете білді. Яғни президент Нұрсұлтан Назарбаев жасаған ұсыныстар өз өзектілігін дәлелдеді. Еуразиялық экономикалық одақ құру бойынша ұсынысты Елбасы 1994 жылы жасады. Жылдар өте келе бұл ұсыныс жүзеге асты.

Қазақстан 90-жылдардан бері Орталық Азияда интеграцияны дамыту бойынша бірқатар бастама ұсынды. Бұл ретте Қазақстанның көршілерге қатысты ашық және татуластық саясатын да ерекше атап көрсетуге болады. Яғни Елбасының ұтқыр саясатының арқасында Қазақстан инвесторларға ыңғайлы бизнес атмосфера құра білді.

"Қазақстанның сауатты сыртқы саясатының тағы бір көрінісі ретінде тәуелсіздік алғалы бүгінгі таңда еліміздің беделді мәмілегерге айналғанын атап өтуге болады. Бұдан өзге Нұрсұлтан Назарбаев Түркия мен Ресей арасында болған қақтығысты реттеуде үлкен рөл атқарды. Мұның барлығы да жоғарыда айтып өткенімдей, Елбасыны мықты дипломат ретінде сипаттайды. Президентке мықты денсаулық пен мемлекетті басқаруда жетістіктер тілеймін", — деді Жұмабек Сарабеков.

Батыр Жүкембаев, қазақстандық боксшы
Батыр Жүкембаевтың жеке архивінен
Батыр Жүкембаев, қазақстандық боксшы

Жауапкершілік

Қазақстандық боксшы, WBC Continental Americas белбеуінің иегері Батыр Жүкембаев Елбасының халқы үшін жауапкершілік алып, осының арқасында Қазақстан мемлекетінің жаһандық аренада мықты бәсекелеске айналып келе жатқанын жоғары бағалайтынын айтады.  

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Күшіміз — жауапкершілікте, бірлігіміз — әралуандықта, еркіндігіміз — келісімде, абыройымыз — игілікте, қауіпсіздігіміз — ашықтықта, тәуелсіздігіміз — серіктестікте, болашағымыз — бүгінде" деген жеті тірекке сүйеніп, қазақ халқын кез келген тығырықтан алып шыға білді. Ол кісінің арқасында әрбір қазақ баласы бұрын-соңды басынан кешпеген бақытты кешіп, әлемдік аренада өзін көрсете бастады. Осының барлығы да Елбасының жауапкершілігінің арқасы деп білемін. Ұлы тарихи үдерісте талай қиындықты бастан кешірдік. Десе де, бүгінгі көрсеткіштерді ескерсек, біз секілді экономикасы мықты, халқы бірлікті ту еткен елдің ғана болашағы баянды болмақ. Ал мұның барлығы бірінші кезекте Елбасының ерен еңбегі мен жауапкершілігінің арқасы", — деді Батыр Жүкембаев. 

Тағы оқыңыз:

Мұнымен қатар, боксшы Нұрсұлтан Әбішұлының барша қазақстандықты ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлауға бағытталған "Цифрлық Қазақстан", "Үш тілде білім беру", "Мәдени және конфессияаралық келісім" сынды бағдарламаларын жоғары бағалайтынын айтып өтті. Шет тілдерін меңгеру, компьютерлік сауаттылық, мәдени ашықтық сынды факторлардың Қазақстан болашағы үшін аса маңызды екеніне тоқталды.

"Жастарды заман талабына сай әзірлеуден өзге, Елбасының спортқа қызығушылығы және халықаралық аренада жүрген отандастарымызға қолдау білдіруі — біз үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі мереке баршаңызға құтты болсын! Әрбір азаматқа президентіміздей әр істе жауапкершілігі жоғары болуды жазсын. Себебі, адамды алға жетелеп, армандарын мақсатқа айналдыратын — жауапкершілік пен адамгершілік. Қазақ елінің аспаны әрдайым ашық болсын! " — деді шетелде жаттығып жүрген боксшы.

Құралай Ахмадиева, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары
Құралай Ахмадиеваның жеке архивінен
Құралай Ахмадиева, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары

"Тамаша спортшы"

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Құралай Ахмадиева президенттің ақыл-парасат деңгейінің жоғары екенінен бөлек, әртүрлі спортпен шұғылдануы бүгінгі жастар үшін үлгі болатынын айтты.

"Елбасының жастарға берер тәлім-тәрбиесі ретінде спортпен шұғылдануын атап өтер едім. Себебі, президентіміз осыншама жасқа келгеніне қарамастан, гольф, теннис ойнап, салауатты өмір салтын ұстанып жүр. Ол кісіні тамаша спортшы деп айтуға болады. Мысалы, президенттер саммиті кезінде Ресей Федерациясы президенті Владимир Путинмен бірге Шымбұлақта шаңғы тепкен еді. Екіншіден, Елбасының шешендігін ерекше бағалаймын. Өйткені кез келген жастағы, кез келген саладағы адаммен тең дәрежеде сөйлесіп, көрегендігімен шетелдіктерді қайран қалдырып жүр", — деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкері.

Сондай-ақ, ұстаз президенттің әзілді шынайы өмірмен байланыстыра білу қасиетін жоғары бағалайтынын жеткізді. Себебі, әзілді өз орнымен айта білу көп лидердің қолынан келе бермейтін қасиет.

"Президентіміздің салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстан үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Елбасымызды төл мерекесімен құттықтаймын. Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ол кісінің арқасында Қазақстанның экономикасы қарыштап дамып, мүмкіндігінше барлық жағдай жасалып отыр. Әсіресе, жастар үшін. Енді осы мүмкіндіктердің барлығын дұрыс пайдалана білу керек", — деді Құралай Ахмадиева.

Құралай Бақытқызы, қазақстандық танымал нумеролог
© Photo : Құралай Бақытқызының жеке архивінен
Құралай Бақытқызы, қазақстандық танымал нумеролог

"Есте сақтау қабілеті жоғары"

Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы Елбасының ғажайып парасаты мен ұлтжандылығы жас ұрпақ пен өзгелер үшін өнеге екенін айтады. Маман президенттің ақыл-парасат деңгейінің жоғары болуын және есте сақтау қабілетінің жақсы екендігін өзіне үлгі ететін-ді.

"Расымен де, Нұрсұлтан Әбішұлының есте сақтау қабілеті өте жоғары деңгейде. Дәл осындай дәрежеге жету үшін мемлекет басшысының көп кітап оқып, өзін жан-жақты дамыту үшін талмай еңбектенгеніне сенімдімін. Осы орайда жастарға Елбасымыз секілді көп кітап оқып, ой-өрісін дамытуға кеңес беретін едім. Мұнымен қатар, президентіміздің инновациялық жобаларды қолға алуға талпынуы ерекше назарды талап етеді", — деді нумеролог.

Тағы оқыңыз:

Бұдан өзге Құралай Бақытқызы Нұрсұлтан Әбішұлының білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып қолда барды қадірлеп, кем нәрсені толықтыра білетініне әрдайым тәнті болып жүретінін жеткізді.

"Қазақстанның жарқын бейнесі — тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлын төл мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі Қазақстанның жетістігі сіздің өз халқыңыздың көшбасшысы ретіндегі лайықты абыройыңызды тиянақтай түседі. Халықаралық аренада қол жеткізген елеулі табыстар, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктер үшін көп рахмет! Себебі, осының барлығы Қазақстандағы әрбір отбасының бақытты болуына жағдай жасап отыр", — деп құттықтады Құралай Бақытқызы.

Қарағанды облыстық Әнет баба мешітінің Бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы
Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлының жеке архивінен
Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің Бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы

"Жүрегі кең жан"

Қарағанды облысының өкілі, Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің Бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы Елбасының арқасында ұлттық рух пен нұрлы білім еліміздің қос қанатына айналып, жаһандану заманында қазақ елінің өзіндік жолымен өркениетке қарай жүріп келе жатқанын айтады. Сондай-ақ, бас имам президенттің толеранттығы жастар үшін барынша үлгі болуға лайық екенін айтып өтті. Осы орайда ол Елбасының 1993 жылғы Меккеге сапарын еске алды.

"Нұрсұлтан Әбішұлы қасиетті Мекке Мәдина қаласына келгенде король Фахд ибн Әбдүл-Әзиз Әл Сауд оны асқан құрметпен қабыл алды. Ол кезде патша ауырып, адаммен тек 10-15 минут тілдесе алатын халде болған екен. Көпке дейін Елбасыны қасынан жібермей, "Мен Қазақстанды білемін. Біздің тағдырымыз бір-біріне ұқсайды. Тәуелсіздік алған жылдары мұнайымызды қалай жаратарымызды білмегенбіз. Әйтеуір бір, Қазақстанға барамын. Ол жақтан мықты ғұламалар шыққан" деген екен. Мұндай құрметке кез келген президенттің ие бола бермейтіні сөзсіз", — деді бас имам.

Әрі қарай Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы президент пайғамбар мешітіне келгеннен кейін болған жағдайды айтып берді. Елбасы мешіт ішінде тұрған кезде күмбез ашылып, жаңбыр жауған екен. Сол кезде шейхтердің бәрі Елбасыға "Тілегіңіз қабыл болады" деп айтқан.

"Сол тілектің қабыл болғанына Аллаға мың да бір шүкір. Күннен күнге Қазақстан елі әлемге танылып, қарыштап дамып келеді. Мұның барлығы тек ұтқыр саясаттың арқасы емес, Елбасының жүрегінің кеңдігі мен адам баласына деген жанашырлығының арқасы. Өз халқын шын сүйіп, тағдыры үшін алаңдаған азамат қана осыншалық ауыртпалықты арқалай алады. Алла Елбасымызға ұзақ ғұмыр бергей", — деді "Әнет баба" мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы.

Нұрлан Әлімжан, қазақстандық актер, әнші
Нұрлан Әлімжанның жеке архивінен
Нұрлан Әлімжан, қазақстандық актер, әнші

Армандай білу

Тарихи фильмде Елбасының рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжан президенттің бала күнінен армандай білу қасиетіне ерекше қызыққанын айтады. Сондай-ақ, сомдаған рөлі Нұрсұлтан Әбішұлының көңілінен шыққанын білгенде төбесі көкке жетіп қуанғанын жасырмады.

"Біздің президентіміз бала күнінен арманшыл болған және ол кісі ұшқыш болуды армандаған. Көкте ұшып бара жатқан ұшақты көрген кезде бір орында қатып тұрып қалатын болған. Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болмады, бірақ сол әуеге жетелеген мақсатының арқасында таңғажайып жетістіктерге жетті деп ойлаймын. Әрине, бұл өмірде армандап қана қою жеткіліксіз. Арманға деген жүректегі махаббат пен ақыл-парасат қатар жүргенде ғана мақсатқа жетеміз. Бұл Елбасымыздың қолынан келді. Мен ол кісіні осы қасиеті үшін ерекше сыйлаймын", — деді актер.

Тағы оқыңыз:

Мұнымен қатар, Нұрлан Әлімжан Елбасының болашаққа деген батыл қадамдарының тарихқа тағзым ете отырып жасалатынына қызығатынын жеткізді.

"Президенттің көне мен жаңаны, кеше мен бүгінді тоғыстыра білетін қасиетін ерекше бағалаймын. Себебі, ол кісі әрбір жастағы адаммен өз деңгейінде сөйлесе біледі. Халқын қашан да өзінен жоғары қояды. Жастарға ол кісінің арманшылдығы үлгі болғанын қалар едім. Себебі, армансыз адам, расымен де, қанатсыз құспен тең. Бүгінгі мереке баршаңыз үшін құтты болсын! Денсаулық пен игі мақсаттар тіледім", — деді актер.

Тақырып бойынша

Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек көрсетіледі
Президент: 15 жасыма дейін тойып тамақ ішкенім есімде жоқ
Президент: мемлекеттік қызметкер тек жеті сағат жұмыс істеуі керек
Назарбаев тарифтерді төмендету туралы: Премьер-министр мен үкімет шара қабылдамаған
Назарбаев мектептерде жыныстық тәрбие сабағын өткізуді ұсынды
Қазақ дәл қазіргідей ешқашан өмір сүрген жоқ – Елбасы
Сайрагүл Сауытбай: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа рақмет! – видео
Кілт сөздер:
желтоқсан, мереке, президент, саясат, Елбасы, Қарақат, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып