19:43 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларын он жылдық мерейтоймен құттықтады

Назарбаев қазақстандықтарға қытай тілін үйренуге кеңес берді

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1749 0 0

Мемлекет басшысы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары мен ұстаздарын он жылдық мерейтоймен құттықтады

АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар үшін қытай тілін үйрену неліктен маңызды екенін айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Астанада "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған "Ұлы дала мұрагерлері" атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтіп жатыр. Қазақстан президенті зияткерлік мектептердің ұстаздары мен оқушыларын мерейтоймен құттықтап келді. Форум барысында мемлекет басшысы оқушыларға шет тілдерін білудің маңыздылығы туралы айтты. 

"Биылғы оқу жылынан бастап зияткерлік мектептерде оқушыларға өз таңдауы бойынша екінші шет тілін үйрену мүмкіндігі беріліп отыр. Жаһандану жағдайында шет тілдерін білу сән емес, өмірлік қажеттілікке айналды. Өзге тіл басқа ұлттардың мәдениеті мен менталитетін түсінуге жол ашады", — деді президент. 

Осы орайда Назарбаев қазақстандықтарға қытай тілін үйренуге кеңес берді. 

"Сендер кез келген тілді таңдай аласыңдар. Ең көп таралған тіл – ағылшын, екінші орында испан тілі саналады. Бірақ біз үшін қытай тілі өте маңызды, өйткені Қытаймен сауда көлеміміз үлкен, Ресеймен пара-пар", — деді мемлекет басшысы. 

Президент Жапонияда да, Қытайда да бизнес ағылшынша "сөйлейтінін, алайда бір жарым миллиард халық болашақта қытай тілінің басым болатынының айғағы екенін атап өтті.  

"Мен өз басым үйреніп көрген жоқпын, бірақ басқаларға қарағанда, қазақтарға жеңіл болады деп естідім", — деп күлді Назарбаев.


Тақырып бойынша

Жыл басынан бері 2,5 мың қандас Қытай азаматтығынан шықты
Қытай төрағасы: Назарбаев – менің жақын досым
"Қытай біздің саудадағы ірі серіктесіміз". Назарбаев бейнеүндеу жолдады
Димаш Джеки Чанға қытайша ән орындап берді
Халық банк қазақ тілінің орнына неге қытайша қызмет көрсетілгенін түсіндірді
Загрузка...

Басты тақырыптар