Қоғам

Назарбаевтың туған күні президент жайлы не дейді? Нумеролог сандарды "сөйлетті"

© REUTERS / Piroschka van de WouwНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр

АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik, Нұргүл Абай. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның тұңғыш президенті, көреген көшбасшы, дана саясаткер екені баршаға аян. Тәуелсіздік таңы атқан сәттен бастап Қазақ елінің тізгінін қолына алған Елбасының беймәлім тұсынан мәлім тұсы көп-ақ. Десе де, біз бүгін белгілі нумеролог Құралай Бақытқызымен президенттің туған күнін зерттеп, сандарды "сөйлетіп", мемлекет басшысының көпке белгісіз қырларын ашуға тырыстық. 

"Миы тез жұмыс істейді"

Құралай Бақытқызының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев жаңалық ашуға құмар, артынан із қалдыра білетін тұлға. Бұл кісіде "прогресс коды" бар екен. 

Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларын он жылдық мерейтоймен құттықтады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы 2068 жылғы ұрпаққа хат жазып қалдырды
"Жаңа технология ойлап тапқанға, ғылым-білімге, инновацияға жақын адам. Егер ғылымға мұқият ден қойса, зор жетістіктерге жетер еді. Сонымен қатар, рухани жағынан баюға көп мән береді. Миы өте тез жұмыс істейді. Айдың энергетикасы бойынша, Елбасының басы программистің басы сияқты, бір сәтте көп идея туады", — дейді нумеролог. 

Нумерология бойынша, 35 жастан кейін президентте "билік коды" байқалады. 

"Алтысы күні дүниеге келгендіктен, өте еңбекқор адам. Бұл күні туғандар, әдетте, ақшадан тарықпайды, бай болады", — дейді Құралай Бақытқызы. 

"Ұсақ-түйекке дейін мән береді"

Сондай-ақ, президенттің туған күні оның төзімді, тиянақты жан екенін көрсетіп отыр. 

"Бұл адамның түсінігі былай: әр нәрсе ұсақ-түйектен құралады. Сондықтан ұсақ-түйекке қатты мән береді. Өз ісіне тиянақты болғандықтан, қасынан сондай адамдарды көргісі келеді", — дейді нумеролог. 

Тағы оқыңыз:

Ел басқаратын басшыларда 7 саны жиі кездеседі екен. Бұл цифр адамның сөзге шешен, жұртқа жақын екенін білдіретін көрінеді. 

"Мұндай адамдар жұртшылық алдында өздерін еркін сезінеді, тіл-көзден сақтап, желеп-жебеп жүретін періштелері бар. Көптің көңілінен шыға біледі, жұрт та оларды жақсы көреді", — дейді Құралай Бақытқызы. 

Сондай-ақ, нумеролог Елбасыға сәттілік серік екенін, алайда көп нәрсе президентке еңбекқорлықтың арқасында келетінін атап өтті. 

"Бұл кісі еңбектенсе, бәрі ойдағыдай болады. Ал егер бір кішкене жалқауланып қалса, қолындағы барынан айырылып қалуы мүмкін", — деді ол. 

"Мықты спортшы да шығар еді"

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Зейнетақы, жәрдемақы және жалақы өседі - Назарбаев тапсырма берді
Кім біледі, бәлкім Нұрсұлтан Назарбаев президент болмағанда, елге танымал спортшы болар ма еді?! Себебі мемлекет басшысында спорттық энергетика да бар екен. 

"Оның денсаулығы ұшқыштікі сияқты қалпына келіп отырады. Ұшақпен ұшқан кезде жолды жақсы көтеретін адам. Денесі шымыр, спорттық энергетика болған соң, өзі де спортқа ерекше мән береді деп ойлаймын", — дейді нумеролог.

Құралай Бақытқызы президент кез келген адамға гольф пен жүзудің техникасын жақсы үйрете алады деп санайды. 

"Еуропа елдеріне жиі шығып тұруы керек"

Нумерология бойынша, Қазақстан президентіне Батыс елдері жағады екен. Сондықтан, Еуропа жаққа жиірек шығып тұрғаны жөн деп кеңес берді Құралай Бақытқызы. 

"Батысқа барса, денсаулығын жақсартып, табыс энергиясын алып келеді. Ал  Шығыс елдері жақпайды", — деп ескертті ол. 

Елбасыға бақыт, сәттілік әкелетін сан 9 екен. Тиісінше, тоғызға бөлінетін күндер, яғни әр айдың 9, 18, 27-сі – президент үшін ең сәтті күн саналады.

Шілде айында туғандарға ортақ қасиет

Назарбаевтың өмірінен қызықты деректер - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Назарбаевтың өмірінен қызықты деректер
Шілде – жылдың жетінші айы, ал нумерологияда 7 саны талантқа жауап береді. Жалпы, жаздың екінші айында дүниеге келген адамдар – шығармашыл, дарынды, қабілетті жандар. Әнші-әртістердің көбі жетісі күні туған. 

Сондай-ақ шілде айында өмірге келген жандар балажан болады. 

Ал айдың алтыншы жұлдызында туғандарға еңбекқорлық тән. Ондай адамдар ақша жағынан қиындық көрмейді. 6 мен 7 саны қатар келгендер – саясат пен шоу-бизнеске жақын, жұрт алдында жүретін, сөзге шешен жандар.

Жаңалықтар
0