Қоғам

Министр 16 жастағы қыздарға түсік жасатуға рұқсат беру дұрыс екенін айтты

© Sputnik / Елена БережнаяЕлжан Біртанов
Елжан Біртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуырда денсаулық сақтау министрлігі 16 жастағы қыздарға ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуға рұқсат беруді ұсынған болатын

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik.  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қоғамда қызу талқыға түскен түсік жасату мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі.

 16 жастағы қыздарға ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуға рұқсат беру нормасын Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жаңа редакциясына енгізу ұсынылып отыр. 

Жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда 16 жастағы қыздарға түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін

"Меніңше, біздің балаларымыз 16 жасында біраз жауапкершілікті өз мойнына алады. Олардың медициналық көмектің кез келген түрін алуға құқығы болуы керек. Яғни, қазір біз оларды барлық жағынан шектеп отырмыз", — деді министр үкімет кулуарында. 

Біртанов қоғам, ең алдымен, "Біз өз балаларымызды қаншалықты дұрыс тәрбиелеп жатырмыз?" деген сұрақты өзіне қоюы керек дейді.  

"Егер балаларымыз жыныстық қатынасқа түсу туралы шешімді бізсіз-ақ қабылдап жатса, қалғанына біздің пікіріміз қажет деп ойлайсыздар ма? Әркім осы сауалды өзіне қоюы тиіс. Талқылау керек, жұрттың талқылап жатқаны қуантады. Әлі уақыт бар", — деді министр. 

Ол денсаулық туралы мүлде жаңа кодекс әзірленіп жатқанын, тиісінше түсіп жатқан идеялар көп екенін атап өтті. 

"Жоспарға сәйкес, келесі жылдың көктемінде біз жаңа жобаны таныстыруымыз керек. Қазір идея өте көп, соның ішінде радикалды, мәселен, қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу, өз денсаулығы үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу секілді ұсыныстар бар", — деді Біртанов.


Жаңалықтар
0