13:39 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
коньки

Үлкен Алматы көлінде түсірілген видео желіні "жарды" – сұлу қыздың биі кімге жақпады?

© Sputnik / Владимир Песня
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3428 0 0

Роликтің басты кейіпкері Ксения Панкратова Instagram парақшасын жабуға мәжбүр болған

АЛМАТЫ, 5 желтоқсан — Sputnik. Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап, әп-сәтте Instagram желісінде танымал болған Ксения Панкратова жағымсыз пікірден құлағы тыныш болуы үшін жеке парақшасын жабуға мәжбүр болған.

Қыз осындай шешімге келгенде, видеосын тамашалағандар саны 1,2 миллион адамға жетіпті. Жұрттың басым көпшілігі арудың биі мен көлдің табиғатына сүйсінсе де, Ксенияны жерден алып, жерге салғандар да табылды. Тіпті тәртіп бұзып, танымал болғысы келді деп айыптаудан тайынбады.

Ал Ксения мұндай пікірді мүлдем жоққа шығарады. Оның айтуынша, 24 қараша күні құрбыларымен Үлкен Алматы көліне барып, мұз үстінде қыдырып жүрген адамдарды көреді, кейбірі коньки теуіп жүріпті.

Көл маңында да Ксения мен құрбыларын ешкім тоқтатпаған. Демалушылардың бірі көлде мұз қатқан кезде, сырғанауға рұқсат етілетінін айтыпты. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдаланып әрі видеоға түсірмек болған екен.

"Жұрттың неге сонша дүрлігіп, видеоның қалай тез тарап кеткенін түсінбеймін", - деп жазды Ксения парақшасында.

Көлдің суы қаланы сумен қамту жүйесіне пайдаланылатынын жазғандарға да бойжеткен өз парақшасында жауап берді.

"Бірнеше жыл бұрын көлге жақындауға тыйым салынған, бұрын тіпті адамдар суға түсетін, соған қарамастан бәрі сол суды ішті, оның тазартылатынын жұрт түсінетін", - дейді қыз.

Роликті көргендердің көпшілігі осы сөзге қосылды.

"Күлкілі тіпті. Біздің Атырау тұрғындары Оралдың суын ішеді. Өзен қатқан кезде, балалар коньки теуіп ойнайды, адамдар көпірге шыққысы келмесе, мұз үстімен жүре салады. Балықшылар балық аулайды. "Біз бұл суды ішеміз емеспе!" деп шу көтеру ешкімнің басына келмепті", - деп жазады Instagram қолданушысы Айнұр Оразалиева.

"Осы роликпен қанша туристің назарын аударды, сол үшін алғыс хат беріп, сыйақы төлеу керек", - дейді қолданушы Мұрат Сәкенов.

Ксения Панкратованың өзі де бұл видеоны Желіге Қазақстан табиғатының әсемдігін көрсетіп, қоғамның назарын қоршаған ортаны аялауға аудару үшін жариялағанын айтады.

Адамдардың тауға қоқыс қалдырып, от жақпауын қадағалау керек! Қоршаған ортаға тиетін зиян сол, деп жазды Ксения парақшасында.

Тақырып бойынша

Қыз көлге секірді, бірақ өзі ойлағандай болмады – видео
Ашық-шашық киіммен пианинода ойнаған қыз жұрттың сөзіне қалды - видео
Тыр жалаңаш қыз футбол алаңына жүгіріп шығып, ойынды тоқтатты – видео
Денесінде қорқынышты тыртығы бар қыз танымал модельге айналды - видео
Басы жоқ қыз: опа-далаптың сіз білмейтін сиқыры (видео)
Кілт сөздер:
қыз, би билеу, мәнерлеп сырғанау, видео, Үлкен Алматы
Загрузка...

Басты тақырыптар