Қоғам

Қазақстанда бір пәтерде 50 адам "тұрады" – ІІМ

© Sputnik / Болат ШайхиновТіркеу
Тіркеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада бір ай ішінде полиция жүзден астам "резеңке" пәтерді анықтаған

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Бір ай ішінде полицейлер елдегі 500-ден астам "резеңке" пәтерді анықтады, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

"Бүгінде республика бойынша 50 және одан да көп адам тіркелген 586 мекенжай белгілі болды, оның ішінде бір ғана Астанада тұлғалар көп тіркелген мекенжайлар саны 100-ден асады", — деп ішкі істер қызметкерлері жедел-профилактикалық шараның нәтижелерімен бөлісті.

Бұдан бөлек, полицейлер мекенжайы бойынша тіркелмеген тұлғаларды да анықтап жатыр, оған қонақүйлер, хостелдер, жатақханалар, тұрғын үйлер мен пәтерлердің бәрі жатады.

Временная регистрация - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полиция тіркеусіз жүргендерді анықтауға кірісті

"Полиция қызметкерлері баспана иелері мен онда тұратын тұлғаларға мекенжай бойынша тіркелу қажеттігін түсіндіріп жатыр. Жекеменшік иелеріне әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту жасалды", — деп атап өтті ІІМ.

Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылады. Бір ай ішінде 16,4 мың құқық бұзушы анықталыпты, олардың 15,3 мыңы мекенжайы бойынша тіркелмеген, ал 1,1 мыңнан астамы — адамдарды тіркеусіз тұрғызған баспана иелері.

"Коммуналдық қызмет үшін тарифтерді есептеу мақсатында әкімдік тіркелген тұлғалардың санын жүйеден көріп отыра алады", — деп түсіндірді полицейлер.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары ескерткендей, салық органдарымен бірге мұндай мекенжайларды қарастырған кезде баспананы жалға беру бойынша кәсіпкерліктің тіркелгені де тексеріледі.

Жаңалықтар
0