00:17 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Астана

"Үлгермесе қайтеді?". Депутат миллиондаған қазақстандық үшін алаңдады

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
301801

Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде ұялы байланыс абоненттерінің 70%-ы тіркелген

АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Михаил Чирков сим-картасын тіркеп үлгермеген қазақстандықтар жаңа жылда байланыссыз қалуы мүмкін екенін айтып алаңдады, деп хабарлайды тілшісі. 

Мәжілістегі үкімет сағатында депутат 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы байланыс қолданушыларының абоненттік құрылғыларын міндетті тіркеу ережесі күшіне енетінін еске салды.

"Яғни, осы мерзімге дейін нөмірін тіркеп үлгермегендер байланыссыз қалады деген сөз. Біз барлығымыз ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Алайда, жарияланған деректерге сүйенсек, 26 миллионның тек 14 миллионы ғана тіркеуден өткен. Бұл желтоқсан айының басындағы деректер. Осы орайда бірнеше миллион қазақстандық жаңа жыл түні және содан кейін бір-бірін құттықтай алмай қалады деген қауіп бар", – дейді Чирков. 

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тіркелген сим-картаның саны 70 процентті құрайтынын атап өтті. 

"Көбісі алаңдайды, бірақ ешкім тіркемейді. Біз тіркеліп жатқан адамдар санын күн сайын бақылауда ұстап отырмыз. Қазір ұялы байланыс абоненттерінің саны халықтан 10 миллионға артық. Бізде 26 миллион қолданушы болса, ал халық саны 18 миллион, яғни бір адамда 3-4 телефон, сим-карта бар", — деді ол. 

Министр қазақстандықтардың басым бөлігі өз телефонын тіркегенін айтты. Бұған қоса, ол 2-3%-ға жуығы тіркелмейтін құрылғылар екенін атап өтті. 

"Бұл көліктердің сигнализациясы. Олар тіркелмейді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, сондықтан Жаңа жылда қазақстандықтар байланыссыз қалмайды деп ойлаймын. Бұл анық", — деп сендірді Абаев.


Тақырып бойынша

Еліміздің тұрғындары ұялы телефонын тіркеуге міндеттелді
Енді кімдер жедел жәрдемге хабарласа алмайды?
Министр бұйрыққа қол қойды: Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?
Телефонды қалай тіркейді?
Кілт сөздер:
жаңа жыл, телефон, тіркеу, құттықтау, Дәурен Абаев
Загрузка...

Басты тақырып