15:10 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Арықтау

Қарындағы майды кетірудің құпиясы ашылды

CC0 / TeroVesalainen
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
482810

Ішкі ағзаларға май жиналуы салдарынан, адамның қарны үлкейіп, шығып кетеді

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Ғалымдар бірқатар зерттеу жүргізіп, қарынның қампайып шығып кетуіне себеп болатын ішкі органдардағы майды кетірудің амалын тапты, деп хабарлайды Express.

Сонымен, 10 грамм еритін жасұнық жеу бес жыл ішінде ішкі органдардағы майды 3,7 пайызға азайтады. Еритін жасұнық сұлы, арпа, жаңғақ, дәнді-дақылдар, бұршақ тектестер, кейбір жеміс-жидек пен көкөністерде кездеседі. Бүтін дәнді-дақылдардың арқасында адам тез тойып, артық тамақ жемейтін болады, яғни тәбетін тежеуге мүмкіндік береді.

Қанықпаған майды пайдалану (зәйтүн майы, авокадо және жаңғақтың кей түрінде кездеседі) қарындағы майды азайтуға септігін тигізеді. Сары май, ет пен құста кездесетін қаныққан майларды жемеуге тырысқан жөн.

Бұдан бөлек, зерттеушілер жеген астың мөлшерін азайтуға кеңес берді. Бұрынғы зерттеу нәтижелері бойынша қарындағы майды кетіруге төмен калориялы диета жақсы көмектеседі. Алайда ішкі ағзалардағы майдан арылу үшін физикалық жаттығуларға да көңіл бөлген абзал.

Тақырып бойынша

Салмақ тастаған соң, қайта семірмеуге көмектесетін диета анықталды
Әлемдегі ең үздік диета белгілі болды
Ғалымдар өмірді ұзартатын диета туралы айтты
Жұлдызнамаңызға байланысты қандай диета ұстаған дұрыс?
Кілт сөздер:
артық салмақ, арықтау, дұрыс тамақтану, диета, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырыптар