06:54 18 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.42
  • EUR424.58
  • RUB6.00
Астана аруы-2018 сұлулық байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла

"Астана аруы-2018" жеңімпазы белгілі болды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
314 0 0

"Қазақстан аруы" байқауында Астана қаласының намысын кім қорғайтыны анықталды

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. "Астана аруы-2018" сұлулық байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла атанды.

 Астана аруы-2018 сұлулық байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла
© Sputnik / Владислав Воднев
"Астана аруы-2018" сұлулық байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла

Бірінші вице-мисс – 22 жастағы Александра Беглова.

Екінші вице-мисс – 21 жастағы Сәния Мерғалиева.

Үшінші вице 22 жастағы Диана Ыдырысова болды.

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған байқаудың әділ қазылары: "Қазақстан аруы" конкурсының директоры Алена Ривлина-Қырбасова, дизайнер Зарина Ақшолақова, фотограф Данил Потапов-Поличинский, әнші әрі композитор Ерлан Көкеев, бокстан олимпиада чемпионы, мәжіліс депутаты Серік Сәпиев. Әділ қазылар төрайымы - Ырза Тұрсынзада.

Астана аруы-2018 сұлулық байқауы
© Sputnik / Владислав Воднев
"Астана аруы-2018" сұлулық байқауы

Сұлулық байқауының ақтық сынын әнші Бүркіт, тележүргізушілер Динара Сәтжан мен Нұрсұлтан Құрман жүргізді.

Астана аруы-2018 сұлулық байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла
© Sputnik / Жания Уранкаев
"Астана аруы-2018" сұлулық байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрған, қыздар тіл байлығын, сахнада өзін ұстауын көрсетіп, бір-бірінен ерекшеленуге тырысты. Алғашқы нөмірде арулар мемлекеттік ту түстес ұлттық көйлектер киіп, Бүркіттің "Мекенім Қазақстан" әнімен сахнаға шықты. Содан соң 20 сұлу видео-визитка арқылы өздерін таныстырып, отбасылық құндылықтары туралы айтты.

Астана аруы-2018 сұлулық байқауы
© Sputnik / Владислав Воднев
"Астана аруы-2018" сұлулық байқауы

Nomad city hall  сахнасындағы қатысушылардың келесі қойылымы Vox Acapella тобының сүйемелдеуімен болды. Әннің ырғағымен қыздар күнделікті киіммен әдемі болып жүрудің үлгісін көрсетті. Әрі қарай "Дарындар шоуында" аруларымыз би билеп, ән айтып, өлең оқып, үздік қырларынан танылуға тырысқан.

Ақтық сында 20 қатысушы сахнаға кешкі көйлектермен шықты. 

Содан соң елордалық байқауының гранд-финалына жеті ару өтті. Конкурстың бұл кезеңі өте тартысты болған сияқты. Әділ қазылар 20 минут бойы құпия бөлмеде финалистерді таңдады.

Үздік жетілік қатарында: технология және бизнес университетінің 17 жастағы студенті Еркеназ Сейфолла, "Наз" мемлекеттік би театры қызметкері 22 жастағы Александра Беглова, ММУ филиалының 19 жастағы студенті Влада Белая, 21 жастағы Сәния Мерғалиева, экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің 22 жастағы студенті Әсел Абдолова, 20 жастағы бизнес-леди Мадина Амандықова және ҚазМЗУ-дың 22 жастағы түлегі Диана Ыдырысова.

Конкурстың соңғы кезеңі интеллектуалдық сайыс түрінде өтіп, гранд-финал қатысушылары Астананы не үшін жақсы көретіндерімен бөлісіп, елордадағы сүйікті жерлері туралы айтты.

Астана аруы-2018 сұлулық байқауы
© Sputnik / Владислав Воднев
"Астана аруы-2018" сұлулық байқауы

Жеңімпаз Еуропаның үш елінің сегіз қаласына саяхат жасауға екі адамға тур ұтып алды. Сонымен қатар сұлулық конкурсы жеңімпазы "Қазақстан аруында" Астана намысын қорғайды.

Тақырып бойынша

Димаш хас сұлулардың ортасында: "Әлем аруы-2018" байқауының ең үздік сәттері
"Ғалам аруы" атағына үміткер қыз байқауға бара жатып жоғалып кетті
"Нағыз патриот!". Димаш 118 ел аруы қатысқан байқауда ана тілінде ән шырқады — видео
Димаш "Әлем аруы-2018" байқауында қазақстандық сұлуға қолдау көрсетпек
"Арам ойы жоқ". Істі болған "Қарағанды аруы" жазадан сытылып кетті
Қазақстанның бүлдіршін аруы Максим Галкинді дарынымен тәнті етті – видео
15 жастағы қазақ қызы "Мәскеу аруы" байқауының финалисі атанды
"Қазақстан аруы" қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды
"Әлем аруы" байқауына қатысқан қыз ауылға барып, бау-бақшамен айналысты
"ТМД аруы-2018" жеңімпазы анықталды
Астаналық 4 қыз "Кеңсе аруы-2018" халықаралық байқауының жартылай финалына өтті
"Қарағанды аруы-2015" атанған қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды
"Мән берген жоқпын". Қазақстанның ең сұлу аруы өзін сынағандарға жауап берді
"Қазақстан аруы" байқауының айшықты суреттері
Кілт сөздер:
фото, арулар, сұлулық байқауы, жеңімпаздар, Астана аруы-2018
Загрузка...

Басты тақырып