20:31 20 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Кофе

Ғалымдар кофенің тағы бір пайдасын анықтады

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
782 0 0

Адамды сергітетін сусынның құрамында кездесетін заттар ми мен жүйке жүйесінің кей дерттеріне қарсы тұра алады

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Ратгер университетінің дәрігер ғалымдары анықтағандай, кофеин мен кофе құрамында кездесетін тағы бір зат жұптасып Паркинсон ауруы мен Леви денешігі деменциясының (ақыл-ес кемдігі) алдын алуға және одан емдеуге септігін тигізеді, деп хабарлайды MedicalXpress.

Порталдың мәліметіне сүйенсек, зерттеушілер кофе дәндерінің құрамында кездесетін серотонин затынан пайда болған эйкозаноил-5-гидрокситриптамидтің Паркинсон ауруына шалдыққан және жүйкесі зақымдалған ағзаға әсерін зерттепті.

Ғалымдар қорытындысына сәйкес бұл қосылыс пен кофеин мида қауіпті нәруыздардың жиналуынан сақтайды. Яғни кофе ішу ми дерттерінің алдын алады.

Бір қызығы, бұл екі зат жұптасқанда ғана емдік қасиетке ие болады, жекелей алғанда дертке қарсы ешқандай әсері жоқ.

Паркинсон ауруы – жүйке жүйесінің дерті, оның салдарынан қимыл-қозғалыс баяулап, бұлшықеттердің тонусы азаяды.

Леви денешігі деменциясы – психотикалық кемістік, вегетативті қызметтің бұзылуы. Екі дерт те негізінен қартайған кезде пайда болады.

Тақырып бойынша

Ғалымдар жүкті әйелдерге неге шай ішуге болмайтынын айтты
Ғалымдар қатерлі ісіктің дамуын төрт есеге арттыратын факторды анықтады
Ғалымдар адам ағзасы қай уақытта көп калория жұмсайтынын анықтады
Ғалымдар жылдам салмақ тастауға не көмектесетінін айтты
Ғалымдар қартаюды баяулататын өнімдерді атады
Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады
Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Кілт сөздер:
дерт, ми, жүйке жүйесі, ғалымдар, кофе
Загрузка...

Басты тақырып