Қоғам

"Күйеуің құрбыларыңды жақтырмаса..." Ғалымдар зерттеу жүргізіп, қорытынды жасады

© Sputnik / Andrey TelichevҚұрбылар
Құрбылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар әйелдің құрбысы оның некесіне қалай ықпал ететінін анықтады

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Зерттеушілер ер адамның әйелінің құрбысына деген көзқарасы мен ажырасулар арасындағы байланысты анықтады, деп жазады Journal of Social and Personal Relationships.

Ажырасу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар ажырасудың өмірге қаупін анықтады

Басылымда хабарланғандай, ғалымдар 16 жыл бойы 373 некелі жұптың өмірін бақылап келген. Осы уақыт ішінде олардың жартысы ажырасып тыныпты. Сол жайттардың басым көпшілігінде күйеуі әйелінің құрбыларын жақтырмаған екен.

Зерттеу авторларының айтуынша, бұл заңдылықтың себебі көп. Біріншіден әйел адам басына түскен мәселені немесе уайымын көбінесе құрбыларымен бөліседі, ал бұл некедегі қарым-қатынасқа теріс ықпалын тигізеді.

Екіншіден, құрбылар ер адамдарды қатты сынға алуға бейім, соның салдарынан әйел адам күйеуімен ұрсысуы мүмкін. Оның үстіне күйеуіне әйелінің құрбылары жақпайтын болса, оған өз жарының ол қыз-келіншектерден қандай айырмашылығы бар деген ой келіп, "өмірлік серігімді таңдауда қателестім" деп шешуі мүмкін.

Жаңалықтар
0