Қоғам

"Ғалам аруы-2018": Қазақстандық бойжеткен ерекше хоббиін көрсетті

© AFP 2024 / Lillian SUWANRUMPHA"Ғалам аруына" қатысып жатқан Сабина Әзімбаева
Ғалам аруына қатысып жатқан Сабина Әзімбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сұлулық байқауының тәжіне үміткер 18 жастағы қазақстандық тек подиумда ғана емес, рингтке де өзін еркін сезінеді

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. "Ғалам аруы-2018" байқауында Қазақстанның намысын қорғап жүрген Сабина Әзімбаева бокспен айналысып жатқан сәтін көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ғалам аруы-2018 байқауына қатысып жатқан Сабина Әзімбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Ғалам аруы-2018: қазақстандық қыз туралы не білеміз?
Таиландта халықаралық сұлулық байқауының финалдық кезеңі өтіп жатыр. Бүгін ұйымдастырушылар көпшіліктің назарына қысқа бейнероликтер ұсынды. Онда байқау қатысушылары өздерінің сүйікті ісі туралы әңгімелейді. 

18 жастағы Сабина Әзімбаеваның боксқа деген махаббатын әкесі оятқан. 

"Мен теледидардан әкемнің жекпе-жектерін үзбей көретін едім. Күндердің бір күнінде боксқа деген қызығушылығым ояндым. Іштей неге болмасын деп ойладым. Сөйтіп кілең ұлдар болған топқа түсіп, бокспен шұғылдана бастадым", — деді Әзімбаева. 

Қазақстандық арудың видеосы "Ғалам аруының" твиттердегі парақшасында жарияланған сәттен бастап екі сағат ішінде мың жарым рет қаралған. 

Байқаудың финалы 16 желтоқсанда Бангкокта өтеді.

Жаңалықтар
0