Қоғам

Астана мен үш облыста қатты аязға байланысты дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Айар Варламов / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер еліміздің кей өңірлерінде 38 градусқа дейін аяз болатынын ескертті

АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

"21, 22 желтоқсанда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде ауа температурасы 30-33 градус, Қарағанды облысында 32-35 градус, Шығыс Қазақстан облысында 33-38 градусқа дейін төмендейді деп болжануда", — деп жазылған хабарламада.

Синоптиктер Астана қаласында 21, 22 желтоқсанда түнде 30-32 градус аяз болады деп болжап отыр.    

Айта кетейік,  21 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таулы аудандарда баяу бұрқасын соғып, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Жаңалықтар
0