01:51 24 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.96
  • EUR423.78
  • RUB6.03
Тұрсынбек Қабатов

Тұрсынбек Қабатов ұлды болды

© Photo : пресс-служба управления культуры и спорта города Астаны
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
11116 0 0

Қабатовтардың отбасында осымен бесінші сәби дүниеге келіп отыр

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бесінші перзенті дүниеге келді. 

Бұл туралы Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Instagram парақшасында сүйінші сұрап хабарлады. 

"Сүйінші Қазақ елі! Алланың қалауымен бүгін таңғы сағат 6-да Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағында ат ұстар дүниеге келді! Тұрсынбектің өтінішімен сәбидің есімін қою рәсімі маған бұйырып, кішкентай батырымызды Райымбек деп атауды жөн көрдім! Аманғали Райымбек Тұрсынбекұлы қырандай алғыр, сұңқардай өр, терең ойлы, қадір-қасиеті мол азамат болсын деп тілеймін!", — деп жазды ол. 

Қабатовтардың отбасында осымен бесінші сәби дүниеге келіп отыр. Тұрсынбектің жұбайының аты — Мөлдір, балалары — Әдемі, Айым, Айару мен Нұриман. 

Тағы оқыңыз:

Тұрсынбек Қабатов бүгінде Әзіл Әлемі, КТА, Назар аудар сынды театрлардың директоры. Жаз айында ЭКСПО аумағында орналасқан жаңа театрдың жетекшісі болып тағайындалды.

Тақырып бойынша

Сәбилі болған әкелерге бір апта демалыс берілмек
Қанат Исламның бесінші сәбиі дүниеге келді
Домалақ ана кесенесінің шырақшысы: Алматы әкімі әйелімен зиярат етіп, кейін ұлды болды
Қыдырәлі мен Қарақат сәбилі болды
Бүркіт пен Аиша үшінші сәбиін күтіп жүр
Кілт сөздер:
әзілкеш, сәби, Тұрсынбек Қабатов
Загрузка...

Басты тақырып