03:57 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Смартфон

Қазақстандық тәрбиеші бір күнде жұлдыз болып шыға келді – видео

CC0 / Dean Moriarty
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5068 0 0

Көптеген қолданушы педагогке қолдау көрсетіп, оны өз ісіне адалдық танытқаны үшін мақтады

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Әлеуметтік желіде балабақшадағы жаңа жылдық таңертеңгілік кезінде билеп тұрған мұғалім жайлы видео жарияланды.

Роликтен ұстаз өз шәкірттеріне қолдау көрсетіп жатқанын аңғаруға болады, бір сағаттың ішінде видеоны көргендер саны жүз мыңнан асып кетті.

Педагогтің өз жұмысына жан-тәнімен берілгені желідегі қолданушылардың жүрегін елжіретіп, сүйіспеншілігін тудырды. Жұрт сахнада өнер көрсетіп жатқан балаларға қолдау көрсеткені үшін әйелді мақтады.    

"Балалар сахнаға шыққанда қобалжиды, міне сіздерге шпаргалка", — деп жазды видеоға түсініктеме берген қолданушылардың бірі.

Көптеген қазақстандық өзінің балалық шағын есіне алып, педагогтің мұғалімге қолдауы маңызды екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары балаларға қолдау көрсетуден қысылмайтын осындай мұғалімдердің құнды екенін атап өтті. 

Сонымен қатар, қазақстандықтар адамдардың келемеждейтінін ойламай, педагогтың биін көпшілік назарына ұсынған видео-ролик авторларына наразылық білдірді.


Тақырып бойынша

Павлодарлық бірінші сынып оқушысы әлеуметтік желіде жұлдыз болды – қызықты видео
Әлеуметтік желіде президентке аузына келгенін айтқан жігіт ұсталды
Балуан ұлының қарсыласын бір ұрған ана желіде жұлдыз болды
Әлеуметтік желіні шулатқан видео: шымкенттік кондуктор не деп ақталды?
Кілт сөздер:
би билеу, тәрбиеші, балабақша, видео, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып